Алматы – Жезқазған жаңа рейсі ашылады

QAZAQ AIR Қазақстанда ішкі рейстердің кеңеюі туралы хабарлайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен 2022ж. 5 қаңтарынан бастап Алматы – Жезқазған тікелей рейстер ашылады.

Билет бағасы 20 000 теңге. Рейстер аптасына 5 рет орындалады (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі). 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік қарастырылған. Билеттер сатылымда. Жүк – 20 кг, қол жүгі – 5 кг.

Дүйсенбі, жұма және жексенбі күндерінің кестесі (жергілікті уақыт)

Алматы (10:50) – Жезқазған (12:45)

Жезқазған (13:20) – Алматы (15:10)

Сәрсенбі күнгі кестесі (жергілікті уақыт)

Алматы (14:45) – Жезқазған (16:40)

Жезқазған (17:10) – Алматы (19:05)

Билеттерді www.flyqazaq.com сайтынан брондаңыздар.