Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды

Астанада «І Қазақстандық авиациялық диалог: тұрақты даму және Орталық Азияның транзиттік әлеуетін іске асыру жолындағы энергетикалық көшу» өтті. Форумда авиация саласындағы шығарындыларды азайту (Fly Net Zero 2050), Қазақстанда тұрақты авиаотын өндіру мүмкіндіктері, Қазақстанның Jet a-1 маркалы авиаотынға көшуі, геосаяси шиеленіс пен экономикалық санкциялардың Орталық Азияның транзиттік әлеуетін дамытуға әсері мәселелері талқыланды.

Форумның негізгі міндеттерінің бірі – авиаотын нарығындағы жаһандық үрдістерді ескере отырып, Азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу үшін Орталық Азияның авиациялық қоғамдастығының күш-жігерін біріктіру. Алғашқы Қазақстандық авиациялық диалогтың қорытындылары авиаотын нарығын дамытуға және Қазақстан мен Орталық Азиядағы ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға қызмет етеді деп болжануда.

IATA Директорлар кеңесінің төрағасы Мехмет Нане Қазақстан авиация саласын дамытуға және қажетті инфрақұрылымды ұсынуға үлкен қолдау көрсететінін атап өтті.

«Мен Қазақстанның авиация саласы ұшулардың қауіпсіздігі мен авиация саласының тиімділігіне кепілдік беретін серпінді дамуды қалай көрсететінін көргеніме қуаныштымын. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшы мемлекеті болып табылады, Азия мен Еуропа арасында орналасқан, Қазақстанның авиациясы сіздің еліңіздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын болады», – деді Мехмет Нане.

Бүгінгі таңда ҚР барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын Jet a-1 (JET A-1) маркалы отын өндіруге дайын. Отынның осы түрін пайдалану ҚР әуежайларының жанармай құю кешендеріне сұранысты арттырады және отандық авиация саласына қызмет көрсетудің қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келуге мүмкіндік береді.

Баспасөз мәслихаты барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду 1-ші Қазақстандық авиациялық диалог елдер арасындағы ынтымақтастықтың негізі болғанын атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – жолаушылар, олардың қауіпсіздігң, ұшулар қауіпсіз және қолжетімді болуы үшін біз бар мүмкіндікті қолданамыз», – деп атап өтті Каталин Раду.