Авиациялық қауіпсіздік қызметі күні құтты болсын!

Бүгін Қазақстанда авиациялық қауіпсіздік қызметі күні аталып өтілуде.

Бұл салада кездейсоқ адамдар жоқ. Жауапкершілігі мол, батыл, жанқияр, адал адамдар ғана өз өмірін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісімен байланыстыра алады.

Біз сіздердің жұмыстарыңызды жоғары бағалаймыз. Өмірдегі ең маңызды байлығымызды: жердегі және әуе кеңістігіндегі жолаушылар мен авиация қызметкерлерінің өмірін сіздерге сеніп тапсырамыз. Сіздер күн сайын жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес қауіпсіз ұшуды қамтамасыз етуге зор үлес қосып келесіздер.

Сіздерге зор денсаулық, амандық, ашық аспан және «QAZAQ AIR» компаниясының авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша еңбегіңіздің табысты болуын тілейміз!!!