Еркін Наурызбаев «QAZAQ AIR» АҚ басқарушысы болып тағайындалды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма шешімімен «QAZAQ AIR» АҚ Басқарма төрағасы болып Наурызбаев Еркін Әнесұлы тағайындалды.

Бұған дейін ол Басқарма мүшесі ретінде әуекомпанияда басқарушы қызметтер атқарды.

Айта кету керек, әуекомпанияның бүкіл тарихында Еркін Наурызбаев – “QAZAQ AIR” АҚ басқарушысы болып тағайындалған алғашқы отандық маман. Авиациядағы жұмыс тәжірибесі 17 жыл.