Топтық сапарлар

Топтық сапарды брондауға өтініш

Егер Сіз саны 9 адамнан артатын топпен сапарға шығуды жоспарласаңыз, топтық брондауды пайдалануды ұсынамыз. Ол үшін Call.Centre@flyqazaq.com электрондық поштасына сапардың егжей-тегжейлері туралы келесі қысқа мәліметті жіберуіңізді өтінеміз:

  • жолаушылар саны (ересек жолаушылар және балалардың жасын көрсету қажет);
  • ұшып шығу әуежайы және күні;
  • ұшып келу әуежайы және күні;
  • өтініш берушінің есімі, тегі, компания немесе агенттіктің атауы, байланыс телефоны және/немесе email.

Біздің сату офисіміздің агенттері Сізбен жақын арада хабарласады.