Жүк

60%ҒА ДЕЙІНГІ ЖЕҢІЛДІГІ БАР НОРМАТИВТЕН ЖОҒАРЫ ЖҮК

Нормативтен жоғары жүкке төлем жасау кезінде 60% дейін үнемдеңіз: сіздің тарифіңіз бойынша жүк алып жүру нормасына қосымша 10 кг-ға төлеңіз*

Келесідей нұсқалардың бірін пайдаланыңыз:

  1. Билетті әуе компаниясы сайтында онлайн және сату офистерінде сатып алу кезінде;
  2. Билетті рәсімдегеннен кейін ұжымдық сайтқа кіріңіз брондауды көру бөлімінде жүкті қосу қызметі арқылы өзіңіздің броныңызға өтіңіз;
  3. +7 727 356 1414  телефоны арқылы әуе компаниясының колл-орталығына немесе тікелей сату офистеріне жүгініңіз;
  4. «Отырар Тревел» Қызмет көрсету агенттігінің кассасында;
  5. Билет сатып алынған агенттікте.

Қосымша жүк алып өту нормасын рейстің ұшуына 3 сағат қалғаннан кеш емес мерзімде рәсімдеңіз.

Қосымша жүк құны:

10 кг дейінгі қосымша норманы алдын ала брондау кезінде:

  • тікелей рейстерде – 3000 теңге;
  • транзиттік рейстерде – 5000 теңге;

Сізге арналған ақпарат: Рейстің ұшуына 3 сағаттан аз уақыт қалғанда рәсімдеу кезінде әуежайда 1 кг-ға тариф бойынша құны алынады:

  •  тікелей рейстерде – 700 теңге;
  • транзиттік рейстерде – 1000 теңге;

Алдын ала,  рейс ұшуына кем дегенде 1,5 сағат қалғанда рейске тіркеу және жүкті рәсімдеу процедураларынан өту үшін жолаушыларды тіркеу орнына келуді ұсынамыз. Рейске тіркеу және жүктерді қабылдау рейстің ұшу уақытына 40 минут қалғанда аяқталады.

Ескерту:

  • Жеңілдік жүк бөлімінде және ұшақ салонында жануарларды тасымалдауға жарамайды.
  • Нормативтен жоғары жүкті алып жүру үшін төленген ақшаны қайтару рейске тіркеу аяқталғанға дейін жолаушының сұранысы бойынша жүзеге асады.
  • 1 ересек жолаушыға тіркелген алып өту жүгінің салмағы 32 кг-нан аспауы керек. 

ҚОЛ ЖҮГІ

Өлшемдері 56х41х25 см және салмағы 10 кг аспайтын бір қол жүгін өзіңізбен бірге бортқа алып кіре аласыз.

Жүкті тегін алып жүру нормасы тариф ережелерімен анықталады:

  • Әмбебап тариф (Ү) - тегін жүк алып өту нормасы - 20 кг.
  • Оңтайлы тариф (S) - тегін жүк алып өту нормасы - 15 кг.
  • Бюджеттіқ тариф (В) - тегін жүк алып өту нормасы - 10 кг.

Жолаушылар салонында теледидарды немесе басқа да тұрмыстық электротехника жабдықтарын тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Жолаушылар ұшақ салонында тасымалданатын жеке мүлкі мен Қол жүгіне өздері жауапты болады. Жеке мүлік және Қол жүгі жоғалған, бүлінген, ұрланған, жойылған жағдайларда, егер аталған жағдайлар Тасымалдаушы мен оның қызметкерлерінің немесе агенттерінің тарапынан болған әрекеттердің дәлелденген нәтижесі болса, Тасымалдаушы жауапкершілікке тартылады; бұл жағдайда Тасымалдаушының жауапкершіліголаушыларды және жүкті тасымалдауттарында көрсетілген сомамен шектеледі.

Жолаушы әуе кемесінің салонында тасымалданатын заттарының сақталуына мұқият болуға міндетті.

Тегін жүк алып жүру нормасынан бөлек, жолаушы өзіне ұшу, қону немесе ұшу барысында өзіне қажет болатын келесідей, қолында және жүкке салынбаған заттарды алып жүре алады:

  • Әйелдер сөмкесін;
  • Қағаздарға арналған папка;
  • Пальто немесе жамылғы;
  • Жылы орамал;
  • Қолшатыр;
  • Ұшу кезінде оқуға арналған басылымдар;
  • Балалар тағамын және балалар жол бесігін;
  • Мүгедек арбасын;
  • Дипломат немесе портфель;
  • Гүл шоғы;
  • Портативті компьютер. 

ҰШАҚТА АЛЫП ЖҮРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Қол жүгі, тіркелген жолаушы жүгі ретінде де тасымалдауға тыйым салынады:

  • ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАР ЖӘНЕ ІШІНЕ ЖАРЫЛҒЫШТАР САЛЫНҒАН ЗАТТАР: жару құралдары, қару-жарақ, жарықтандырушы заттар және ракеталар;
  • ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ БАР ЗАТТАР: от шашулар, петардалар, сигнал ракеталары, оқтар.
  • ТЕЗ ТҰТАНАТЫН ЗАТТАР: бензинді тұтатқыштар және жылыту құрылғылары, бояулар, сіріңке және «бенгаль оттары».
  • УЛЫ ЗАТТАР:  ағартқыштар, тотықтар.
  • СЫҒЫЛҒАН ЖӘНЕ СҰЙЫЛТЫЛҒАН ГАЗДАР: терең салқындатылған тұтанатын, тұтанбайтын, улы, бутан, оттегі, пропан, аквалангтарға арналған баллондар.
  • УЛЫ, УЛАУШЫ, ТІТІРКЕНДІРУШІ ЗАТТАР: инсектицидтер, гербицидтер, күшән, цианидтер.
  • КҮЙДІРГІШ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ КОРРОЗИЯҒА ҰШЫРАТУШЫ ЗАТТАР: қышқылдар, сілтілік қуат элементтері.
  • ТҰТАНАТЫН ҚАТТЫ ЗАТТАР МЕН СҰЙЫҚТЫҚТАР;
  • МАГНИТТЕНГЕН МАТЕРИАЛДАР;
  • РАДИОАКТИВТІ МАТЕРИАЛДАР;
  • ИНФЕКЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: бактериялар, тірі вирустар.
  • СЫНАП және басқа да заттар, жоғарыда аталған заттардың, жүктердің қатарына енетін, тасымалдау қауіпсіздігінде күмән туғызатын және өртеу, жару  үшін қолдануға болатын немесе жолаушылар мен әуе кемесі экипажы мүшелерінің өміріне қауіп төндіруі мүмкін заттар.
  • ҚЫШҚЫЛДАНДЫРУШЫ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚЫШҚЫЛДАР

БЕЛГІСІЗ ҚҰРАМДАҒЫ ЗАТТАР МЕН СҰЙЫҚТЫҚТАР: (бал, тосап және т.б.) зауыттық қаптамасы, сәйкес техникалық төлқұжаты және сертификаты жоқ қоспалар. 

НЕГІЗГІ ЗАТТАР

Негізгі заттарды талап етілетін шарттарды сақтай отырып, әуе кемесінің бортында тасымалдауға рұқсат етіледі.

Суық қару және өткір заттар

Арбалеттер, су астында аң аулауға арналған қару, дойбы, қылыштар, тесак, наркескен, ауыр қылыш, семсер, сүңгі, қанжарлар, скальпельдер, конькилер, гарпундар, найзалар, жүздері атып шығатын, жабушы құлпы бар  аңшылық пышақтар – кесу және түйнеу жарақатын салуға болатын кез-келген өткір заттар.

Кескіш заттар: кеңсе пышағы, ет бөлуге арналған, бәкі, мұзды тесуге арналған, шаруашылық - тұрмыстық жүзінің ұзындығы 60 мм-ден асатын пышақтар (қайшылар), қаптамасыз жүздер

РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

БІРГЕ АЛЫП ЖҮРЕТІН ЗАТТАРДА

ҚОЛ ЖҮГІНДЕ

ЖҮК ІШІНДЕ

ЖОҚ

ЖОҚ

ИЯ

Отты және атыс қарулары

  • Отты қару
  • Пейнтболға арналған қару
  • Пневматикалық қару
  • Дабыл қаруы
  • Кесу қаруы
  • Старттық тапаншалар
  • Құрылыс тапаншалары
  • Атыс және отты қару бөліктері (оптикалық көздегіштерден басқа)
  • Кез-келген түрдегі ойыншық қарулар
  • Кез-келген қару имитациясы
  • Спортқа арналған амуниция (оқ салынған қораптар). Жеке мақсаттарға арналған аз мөлшердегі  матадан жасалған, ағаш немесе басқа да аз көлемді қаруды тасымалдауға арналған қаптамаға сенімді қапталған болуы керек. Жеке мақсаттарға арналған жалпы салмағы 5 кг (11 lb) амуниция.

РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

БІРГЕ АЛЫП ЖҮРЕТІН ЗАТТАРДА

ҚОЛ ЖҮГІНДЕ

ЖҮК ІШІНДЕ

ЖОҚ

ЖОҚ

ИЯ

Әртүрлі заттар

  • Көлемі бойынша алкоголь 24%дан жоғары, бірақ 70%дан аспайтын, 5л-ден сыйымдылығы төмен ыдыстардағы алкогольді сусындар, жолаушы жүгінде бөлшек саудаға арналған саңылаусыз тарада. Мұндай сусындардың бір адамға рұқсат етілетін таза салмағы 5 л. Көлемі бойынша құрамындағы алкоголь мөлшері 24%дан аспайтын алкогольдік сусындар, қаптама шектеулерінен басқа, қандай да бір шектеулерге ұшырамайды.
  • Радиоактивті емес дәрілер және дәретхана заттары, оның ішінде аэрозольдер. Қосымша қауіпсіз, спорттық және тұрмыстық мақсаттарда қолдануға арналған аэрозольдер тек тіркелген жүкте тасымалданады. Мұндай барлық өнімдердің әр тұлға үшін мұндай барлық өнімдердің таза мөлшері  2 кг немесе 2 л-ден аспайды және жекелеген өнімнің таза мөлшері  0,5 кг немесе 0,5 л аспауы керек.
  • Шашқа арналған лактар, лактар, одеколондар және дәрі-дәрмектердің құрамында спирт болса, тек тіркелген жүкте тасымалданады. Әр тұлғаға алып жүруге рұқсат етілген мұндай өнімдердің барлығының таза мөлшері  2 кг немесе 2 л және жекелеген өнімнің таза мөлшері  0,5 кг немесе 0,5 л аспауы керек.
  • Әуе компаниясының рұқсатымен медициналық мақсаттарға қажетті газтекті оттегісі немесе ауасы бар шағын баллондарды тасымалдау.
  • Бұрғы, ара, бұрама, сүймен, балғалар, қысқыш, кемпірауыз, жүкшығыр, ажыратқыш және сомынды бұрайтын кілт, күйдіру шамдары және т.б.
  • Балта және мұз шапқыштар.
  • Су асты шамдары және күйдіру шамдары тәрізді жылу бөлетін құрылғылары

РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН

БІРГЕ АЛЫП ЖҮРЕТІН ЗАТТАРДА

ҚОЛ ЖҮГІНДЕ

ЖҮК ІШІНДЕ

ЖОҚ

ЖОҚ

ИЯ