Арнайы қызметтер

Әуе кемесінің салонында орын таңдау қызметі

Құрметті жолаушылар!

«QAZAQ AIR» әуе компаниясы біздің сайт арқылы әуе кемесінің салонында Сізге қажетті орынды таңдау  немесе  +7(727) 3561414 телефоны арқылы брондау орталығында брондау мүмкіндігін ұсынады.

QAZAQ AIR жолаушыларға аяқтарға қосымша кеңістігі бар орындар, сонымен қатар сізге ұнаған орынды арнайы бағамен брондау мүмкіндігін ұсынады, бағаны Брондау орталығынан немесе әуе компанияның сайтынан білуге болады. Сізге қажетті орынды брондау мен төлемді рейстің ұшуынан 3 сағат  бұрын жасалады.

Назар аударыңыз!

Алдын ала таңдалған орындарды беру әуе компаниясының қосымша ұсынысы болып табылады. Егер сіз бұл қызметті пайдаланбаған болсаңыз, «QAZAQ AIR» әуе компаниясы рейске тіркелу сәтінде автоматты түрде әуе кемесінің салонында кез-келген бос орындарды сіздің атыңызға немесе бір брон бойынша сізбен бірге саяхат жасайтын басқа тұлғалардың атына тіркеп қояды.

Таңдалған және төлем жасалған орындар басқа тұлғаларға берілмейді.

Таңдалған орынды ауыстыру  немесе қайтару жағдайында  алғашында билет сатылып алынған тиесілі учаскеде тарифтерді қолдану ережелеріне сәйкес айыппұл алынады .

Төменде әуе кемесінің салонында алдын ала орын таңдау  қосымша қызметтері үшін төлем мөлшерлері келтірілген:

Сипаттама

Қатар реттік саны және орынның әріптік коды

Құны

 

Аяқтарға арналған қосымша бос кеңістік, ұшақтан ертерек шығу мүмкіндігі

1A, 1B

2C, 2D*

5000 теңге.

Орындықтар арасында 81-86 см аралығында ұзартылған арақашықтық, ұшақтан ертерек шығу мүмкіндігі

2А, 2В

3А, 3В, 3C, 3D

3500 теңге.

Бірге отыру және ертерек шығу мүмкіндігі бар стандарт орындар

4,5,6 қатардағы барлық орындар

 (A, B, C, D)

2500 теңге.

Бірге отыру және ертерек шығу мүмкіндігі бар стандарт орындар

7-9 қатардағы барлық орындар

 (A, B, C, D)

1500 теңге.

 

*Аяқтарға арналған қосымша кеңістігі бар орындар апаттық шығулардың жанында орналасқан және оларға төмендегі  ережелер қолданылады:

Аяқтарға арналған қосымша кеңістігі бар апаттық шығулардың жанында орналасқан орындардағы  (1А, 1В, 2С, 2D) жолаушыларға арналған ережелер:

Ұшуларды ұйымдастыру қауіпсіздік ережелері бойынша  апаттық шығулардың жанында орналасқан орындар 18 жастан асқан төменде көрсетілген тұлғаларға ғана берілетінін ескерулеріңізді:

  • Балаларымен саяхаттайтын жолаушылар
  • Ұшақ салонында жануарлармен саяхаттайтын жолаушылар
  • Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар
  • Жүкті әйелдер
  • Кәмелет жасына толмаған жолаушылар
  • Писхикалық немесе физикалық ауытқулары бар жолаушылар

«QAZAQ AIR» әуе компаниясы  кез-келген уақытта – тіптен ұшаққа жолаушыларды отырғызу аяқталғаннан кейін де әуе кемесінің салонындағы орындарды тарату құқығын өзіне қалдырады. Бұл ұшуды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болуы мүмкін.

«QAZAQ AIR» әуе компаниясы  келесі жағдайларда алдын-ала орын таңдау қызметіне төленген шығынның орнын толтырады:

  • Рейсті  тоқтату;
  • Техникалық  немесе операциялық себептер  бойынша орын беру мүмкін болмауы.

Ақшалай қаражаттар тасымалдау төлемі жасалған жолмен қайтарылады. 

Растау анықтамасы

Құрметті жолаушылар!

Сізің әуебилетіңізді пайдалану туралы растау анықтамасын алу үшін мына электронды мекен-жайға өтінім жіберу керек: revenue.accounts@flyqazaq.com, мұнда сіз мыналарды жазып беруге тиіссіз:

  1. Жолаушының аты-жөні латын әріптерімен, мысалы, IBRAYEVALMAZSERIKOVICH
  2. Броньдаудың алты санды нөмірі, мысалы,EFNVPU.

Егер броньдау нөмірі болмаса,онда жеке куәліктің скан-көшірмесін қосымша тіркеңіз, ұшу бағыты мен күнін, өтінім беру себебін көрсетіңіз.

Құжаттың түпнұсқасын сіз  QAZAQ AIR әуе компаниясының бас кеңсесінен, Алматы қаласы, Майлин көшесі, 11/3 (Ахметов көшесінің қиылысы) алып кете аласыз.

Анықтама өтінім берген сәттен бастап 3 (үш)  жұмыс күні ішінде ақысыз беріледі.

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ

Жолға шығар алдында міндетті түрде дәрігермен мүмкін болатын қарсы көрсетілімдер туралы кеңесіңіз, оның алдағы жол сапарына қатысты нұсқауларын алыңыз.

Жүкті әйелдерге рейске тіркеу басталар алдында келген дұрыс. Әуе сапарына қарсы көрсетілімдерінің жоқ екендігі туралы емдеу мекемесінің медициналық қорытындысын және алмасу картасын көрсеткен жағдайда, жүктілік мерзімі 36 айдан аспайтын жүкті әйелдерге ұшуға рұқсат етіледі. Жаңа дүниеге келген балаларға 7 күннен кейін ұшуға рұқсат беріледі. Ұшақ бортындағы сәбилердің рұқсат етілетін саны  - 8, бесіктер қарастырылмаған.

Жүктілік мерзімі:

22 аптаға дейінгі жүкті әйелдер алмасу картасын немесе дәрігер қорытындысын (көшірмесін) көрсеткен жағдайда.

22 аптадан 34 аптаға дейін бір ұрықты жүктілік кезінде,

22 аптадан 32 аптаны қоса алғанға дейін көп ұрықты жүктілік кезінде алмасу картасы (көшірмесі) және жүктілік мерзімі мен қанағаттанарлық денсаулық жағдайы туралы медициналық ұйымның анықтамасы болған жағдайда тасымалданады.

Бір ұрықты жүктілік кезінде жүктілік мерзімі 34 аптадан асатын және көп ұрықты жүктілік кезінде 32 аптадан жоғары 36 аптаға дейінгі жүкті әйелдер жазбаша түрде құзырлы дәрігерлік комиссиясының қорытындысы болған жағдайда (ҚР-да тасымал № 035-1/у. формасы бойынша жүргізіледі) тасымалданады.

Егер жүктілік кезінде асқынулар болса, әуе тасымал көлігімен саяхатқа шығар алдында дәрігермен кеңесу керек. Босанған әйелдер босанғаннан кейін және жаңа туылған балалар бала дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 күнтізбелік күн ішінде тасымалдауға алынбайды. Егер баратын елдің  көші-қон заңнамасының талаптары қажеттілік болған жағдайда, әуе компаниясы жүкті әйелді тасымалдаудан бас тартуға құқылы.

Жүкті әйелді тасымалдау Тасымалдаушы Жолаушы алдында Жолаушы және ұрық үшін тасымал кезінде және тасымал салдарынан пайда болуым мүмкін жағымсыз салдар үшін жауапты болмайды деген шарттар негізінде жүзеге асады.

Ұшақ бортында мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкіндігі жоқ, сондықтан да Сіздің жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге бағытталған, Әуе компаниясының талаптарына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. 

ЖАЛҒЫЗ САПАР ШЕГУШІ БАЛАЛАР

Біз өз ұшақтарымыздың борттарындағы жас жолаушыларды әрқашан көруге қуаныштымыз.

Арнайы бірге жүру қызметін рәсімдеген жағдайда 6 дан 15 жасқа дейінгі (15 жас қоса алынады) балалар біздің әуе компанияның рейстерімен ересек жолаушылардың бірге жүруінсіз саяхаттай алады.

Ата-аналарының қалауы бойынша, бірге жүру қызметтерін 16 жасқа дейін ұлғайтуға болады.

Назар аударыңыз, Qazaq Air компаниясының барлық рейстерінде, билет сатып алуға қосымша, Сіз бірге жүру қызметіне төлем жасауыңыз қажет болады, қызмет құны – бір жағы 5 000 KZT.

Қазақстан аумағындағы ішкі рейстердегі 6 дан 14 жасқа дейінгі (14 жас қоса алынады), бірге жүретін тұлғасыз саяхаттап жүрген,  кәмелеттік жасқа толмаған балаға билет бағасы ересектерге арналған ағымдағы толық тарифтің 50%ын құрайды.

Жалғыз жүретін кәмелеттік жасқа толмаған, 15 жасқа толған балалар толық ересек тарифтік мөлшерлемені төлейді. Балалар жолда тоқтауды талап ететін, тікелей емес рейстерде ересектерсіз саяхаттай алмайды.

6 жасқа дейінгі балалар тек кәмелеттік жасқа толған жолаушымен бірге ғана тасымалданады. Билетті брондау кезінде жалғыз жүретін кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасы немесе қамқоршысы ересектерсіз кәмелеттік жасқа толмаған баланы тасымалдауға өтініш бланкін толтырып және оған қол қоюы керек.

 Егер баланы ұшу пунктіне жеткізуге жауапты немесе жету орнында бала табысталатын ересек адам сол баланың ата-анасы немесе заңды қамқоршысы болмаса, онда оның қолында баланы алуға құқығын растайтын, нотариалды расталған сенімхат болуы керек.

Қосымша қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында, жалғыз сапарға шығатын кәмелеттік жасқа толмаған балалар сағат 23-тен таңғы сағат 6-ға дейін (ұшу пунктінің уақыты бойынша) тасымалға қабылданбайды.

Ересектерсіз ұшатын, кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін билеттерді брондауды кесте бойынша ұшақтың ұшу уақытынан 24 сағаттан кеш емес уақытта брондау қажет. Ол үшін info@flyqazaq.com мекенжайы бойынша бізбен хабарласуыңыз керек немесе саяхат бюросындағы өз агентіңізге қажетті ақпаратты хабарлауыңыз керек. 

КӨРУ ЖӘНЕ ЕСТУ ҚАБІЛЕТТЕРІ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАР

Көру және есту қабілеттері зақымдалған жолаушылар өздерімен бірге жетекші итті алуына болады және оны біздің рейстерімізде тегін алып жүре алады.

Жетекші ит келесідей шарттар орындалған жағдайда жолаушылар салонында тасымалданады: жетекші иттің үйретілгендігі туралы сертификат, иттің қарғыбауы, тұмағасы болуы керек, ит өзі жетекшілік ететін жолаушының орындығының аяғына байланады.

Ит таза болуы керек, әуе кемесінің санитарлық және гигиеналық күйіне ұшу кезінде қауіп төндірмеуі керек, әуе компаниясы мен жолаушылардың мүліктеріне зия келтірмеуі тиіс.

Жетекші итті тасымалдау туралы тасымалды брондау кезінде және билетті сатып алу кезінде сату офисіне немесе +7 727 3561414  телефоны арқылы хабарлау керек.

Тіркеу және ұшу кезінде жетекші иттерді тамақтандыруға тыйым салынады!

ҚОЗҒАЛЫС МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕЛГЕН ЖОЛАУШЫЛАР

Аталған санаттағы жолаушыларды тасымалдау рейс ұшуына кем дегенде 24 сағаттан бұрын тасымалды брондау кезінде Әуе компаниясымен келісілуі тиіс

Әуе компаниясы жолаушыны тасымалдау кезінде немесе тасымалдаудан кейін, жолаушының денсаулық жағдайына байланысты болған мүмкін салдарды және/немесе денсаулығының нашарлауы үшін ешқандай жауапкершілік алмайды.

Саяхат Сіз үшін қолайлы болуы үшін, өтінеміз, ең алдымен:

Өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз;

Тікелей және кері бағыттардағы рейстерге билетті брондаңыз;

Брондау кезінде бізге мүгедектер арбасын пайдалану немесе пайдаланбайтыныңыз туралы хабар беріңіз;

Егер өзіңіздің арбаңызды пайдаланатын болсаңыз, бізге оның сипаттамалары жайлы ақпарат беріңіз (аккумулятор түрі, өлшемдері және т.б.)

Қауіпсіздік мақсаттарында мүгедектер арбасын рейстердегі тасымалдау келесідей әдістермен жүзеге асырылады:

Мүгедектер арбасының түрі

   Шектеулер

Жиналмалы арбалар

Мұндай түрдегі арбалар ерекше шектеулерсіз қабылданады

Ақпайтын батарейкалармен жұмыс жасайтын арбалар

Егер құрылымы батареяны алуға мүмкіндік беретін болса:

 

Батареяны ажырату қажет, содан кейін арба шектеусіз тасымалдана береді

 Алынған батарея берік, қатты қаптама жинағында тасымалданады

Кездейсоқ қысқа тұйықталуды болдырмас үшін аккумулятор қысқышын оқшаулау керек

 

Егер құрылымы батареяны алуға мүмкіндік бермейтін болса:

 

Кездейсоқ қысқа тұйықталудан қорғау үшін батарея клеммаларын оқшаулау қажет

Батареяны арбаға нық бекіту керек

Электрлік тізбектер тұйықталған болуы тиіс

Электролиттік (ағатын) батареялардан жұмыс жасайтын арбалар

Егер тік күйінде тиеу/ түсіру/ тасымалдау мүмкін болса, онда батареяны арбадан ажыратпауға болады. Сонымен бірге:

 

Кездейсоқ қысқа тұйықталудан қорғау үшін батарея клеммаларын оқшаулау қажет

Батареяны арбаға нық бекіту керек

Электрлік тізбектер тұйықталған болуы тиіс

 

Егер тік күйінде тасымалдау мүмкін болмаса, онда батареяны ажыратып алу керек.

 

Осыдан кейін арба шектеусіз тасымалдана береді

 Алынған батарея берік, қатты қаптама жинағында тасымалданады

 

Сонымен қатар:

 

Кездейсоқ қысқа тұйықталудан қорғау үшін батарея клеммаларын оқшаулау қажет

Батареяны контейнер ішінде тік күйінде орналастырып және батарея ішіндегі зат төгілген жағдайда барлық электролит мөлшерін сіңіріп алуға жеткілікті сорғыш материалмен жабу керек.


Барлық түрдегі мүгедектер арбалары тек тіркелген жүкте ғана тасымалданады.

Мүгедектер арбаларын тасымалдау, бекітілген жүкке үстеме түрде, тегін жүзеге асады.

Мүгедектер арбаларын тасымалдау талаптары «Әуе бойыша қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау бойынша техникалық нұқсаулықтармен» (Doc 9284 AN/905 ИКАО) реттеледі.  

Зембілдер

Qazaq Air әуе компаниясы, ұшақ ерекшеліктеріне байланысты, зембілдегі жолаушыларды тасымалдамайды. 

ЖАНУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ

Qazaq Air әуе компаниясының жолаушыларына ұшақ салонына кішкентай мысықтар мен иттерді алуға рұқсат етіледі.

Ұшақ бортындағы рұқсат етілетін жануар саны (ит немесе мысық) – ұшақ салонында 2, салмағы 8 кг дейін, өлшемдері  (29x43x26) аспауы керек және жүк бөлігінде 2 жануар, салмағы 3 кг-ға дейін, сұраныс ұшудан 24 сағат бұрын беріледі. Бір контейнерде ұялас екіден артық жануарды тасымалдауға рұқсат етілмейді. Жануарларды тасымалдау кезінде әуе компаниясын брондау кезінде хабардар ету қажет және Тасымалдаушыдан рұқсат алу керек. Төлем тіркеуде өлшеу бойынша жануар салмағы әр кг үшін нормативтен артық жүк тасымалдаудың екі еселенген тарифі бойынша жасалады.

Тасымалдауға алынбайды:

  • жабайы аңдар, мамық жүнді аңдар және бауырымен жорғалаушылар (жыландар);
  • үлкен үй жануарлары,

Ұшақ салонындағы жануарлар (PETC)

Бір жолаушыға тек бір жануары бар бір контейнер ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.

Торымен бірге алғандағы салмақ 8 кг аспауы керек.

Контейнер өлшемдері Bombardier Q400 түріндегі ұшақтар үшін 29 x 43 x 26 см аспауы керек.

Кішкентай иттер мен мысықтар үшін арнайы контейнерлер немесе осындай жануарларды тасымалдауға арнайы жасалған жұмсақ тасымал заттарын пайдалануды ұсынамыз. Мұндай тасымал заттарын жануарлар дүкендерінен сатып алуға болады. Жолаушылар салонында жануарларды тасымалдау үшін жұмсақ тасымал құралдарының басқа түрлерін қолдануға болмайды.

  • Контейнер немесе тасымал сөмкесінің түбі тығыз, ылғал өтпейтін болуы керек және сіңіргіш уытты емес материалмен жабылуы қажет. Контейнер немесе тасымал сөмкесінің құрылымы сорушы материалдың үгілуін болдырмауы керек.
  • Құстар торда тасымалдауға қабылданады. Тор тасымал кезінде тордың өздігінен ашылуын, жарықтың түсуін болдырмайтын тығыз матамен жабылуы тиіс.

Ұшақтың жүк бөлігіндегі жануарлар (AVIH)

Жануарларды жүк бөлігінде тасымалдау кезіндегі контейнермен қоса алғандағы жануар салмағы 30 кг аспауы керек. Бұл шектеуден салмағы асатын жануарлар тіркеу кезіндегі әуе компаниясы өкілдерінің қарауы бойынша тасымалға қабылданады.

  • Тасымалдау үшін жануар немесе құс иесі құрылымы және материалы жануарды немесе құсты тасымалдау кезіндегі зақымданудан сақтайтын контейнер немесе торды пайдалануға міндетті;
  • контейнер соққыға төзімді қатты материалдан жасалып, ауаның келуін қамтамасыз ететін желдету торларына ие болуы керек;
  • контейнердің ішкі бетінде жұмсақ дөңгелектенген, жануардың тасымал кезіндегі зақымдалуын болдырмайтындай түрде болуы қажет;
  • контейнердің түбі тығыз, су өтпейтін, улы емес сіңіргіш материалмен жабылуы керек. Контейнер құрылымы сіңіруші материалдың шашылуын болдырмауы тиіс;
  • контейнер жануарға рұқсат етілмеген қол сұғуды, контейнердің өздігінен ашылуына жол бермейтін сенімді құлыппен жабылуы керек;
  • контейнер көтеруге және екі жүк тасушы тасымалдауға ұстауға ыңғайлы тұтқалармен жабдықталуы керек;
  • егер контейнердің дөңгелектері болса, тасымалдау кезінде олар алынып тасталады немесе қозғалмайтындай түрде бекітіледі;
  • контейнер өлшемі жануарға толық бойына тұруға және 360 градусқа бұрылуға, қалыпты күйінде жатуға мүмкіндік жасауы керек.

Қосымша ақпарат:

  • бір-біріне қауіп төндіруі мүмкін жануарларды (ит-мысық) жолаушылар салонында тасымалдауға тыйым салынады;
  • жануарды немесе құсты тек кәмелеттік жасқа толған жолаушы ғана алып жүре алады;
  • Qazaq Air әуе компаниясының рейстерінде тек жануарларды (иттер, мысықтар)және құстарды тасымалдауға рұқсат етілген. Басқа жануарларды жүкте немесе қол жүгі ретінде тасымалдауға болмайды. Ұшуға 2 сағат қалғанда жолаушы жануарға су және қорек беріп және міндетті түрде қарап шығуы керек;
  • құстар торда тасымалданады. Тор тасымал кезінде торға жарық түсірмейтін тығыз матамен жабылуы керек.
  • әуе кемесі салонында құсты немесе жануарды шығаруға тыйым салынған;
  • жолаушы жануар/құс үшін, қажетті рұқсаттар мен анықтамалардың сәйкестігі және болуы үшін толықтай жауапты болады;
  • жануарларды қолмен жасалған контейнерлерде тасымалдауға тыйым салынады;
  • әуе компаниясының қасақана заң бұзушылық әрекеттерінен немесе немқұрайдылығының салдарынан орын алған жағдайлардан басқа кездерде, әуе компаниясы жануардың/құстың денесінің зақымдануына, сырқаттануына, жоғалуына немесе қаза табуына жауапты болмайды.
  • әуе компаниясы қызметкерлерінің міндеттеріне жануар күтімі кірмейді.

Жануарларды тасымалдауға қажетті құжаттар:

  • жануардың ветеринарлық құжаты;
  • ветеринарлық куәлік (алдын ала жануар анализдерін өткізіп, өз қалаңыздың мал дәрігерлік клиникасында немесе мал дәрігерлік бақылауынан алу қажет). Ветеринарлық бақылау немесе ветеринарлық клиника анықтамасы алған күннен бастап 3 күн жарамды болады. 

АТЫ-ЖӨНІН ӨЗГЕРТУ

Брондау кезінде аты-жөні дұрыс жазылмаған жолаушылар рейске қабылданбайды.

Дұрыс толтыру реті тегі, аты, әкесінің аты.

Аталмыш ретті бұзған немесе аты-жөнін жазуда өзге де қателіктерді жіберген жағдайда, Мақатаев к-сі 127/9 (Байтұрсынов пен Масанчи көшелерінің аралығы), 1 қабатқа хабарласуыңызды сұраймыз.

Жұмыс уақыты: 09.00-18.00, дүйсенбі – жұма күндері.

Аты-жөнді өзгерту келесі жағдайларда ғана жүзеге асырылуы мүмкін:

  • жолаушы аты мен тегі ауыстырылып жазылған болса;
  • қос тектің біреуі ғана жазылған жағдайда;
  • төлқұжатта жазылған атымен сәйкес келмеуі (транскрипция өзгертілген немесе әріптер жазылмай қалған жағдайда, күйеунің тегін алған әйел адамдардың қыз кезіндегі тегі жазылып кеткен немесе кері жағдайда).

Аты мен тегінде 3 әріпке дейін қатені өзгерту үшін 1000 теңге, ал билетті басқа жолаушға рәсімдеу қызметі үшін қосымша 6000 теңге көлемінде алым төленуі тиісті. 

ҚАРУ МЕН ОҚ-ДӘРІЛЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ

Тікелей және түйспелі рейстерде қару-жарақ пен ату жарақтарын өткізу туралы арнайы шарт пен төлемақы құны.

Атауы

Ішкі рейстердегі тасымалдау бағасы

Арнайы шарттар

Қару жарақтар мен от-дәрісі

WEAP

5000 тг

Қару-жарақтар мен от-дәрісінің иелері жеке тұлға болған жағдайда, қару-жарақты сатқан мекеменің растау құжаттары немесе рұқсаттаманың дубликаты, сонымен қатар ІІМ тиісті өкілетінің қару-жарақты алып жүруге рұқсат беретін анықтама қағазын қару-жарақпен бірге ұсыну керектігін мәлімдейміз. Ол үшін алдын ала сұрау салуыңызды өтінеміз. Ол үшін SSR-дің «WEAP» коды қолданылады. Қару-жарақты растау мақсатында оның сипаттамасы, саны, моделі, табельдік нөмірі мен әбзелді (патрондар) қолдану мақсаты тексеріледі.

Қару жарақтар мен от-дәрісі

WEAF

Ақысыз

Жедел іздестіру мемлекеттік орган қызметкерлері мен қамауға алынған (күдікті) тұлғалар, қылмыстық және іске қатысты басқа да заттық дәлелдерді алып жүрген мемлекеттік орган қызметкерлері, сонымен қатар арнайы пошта мен арнайы жүкті тасымалдайтын мемлекеттік фельдъегер қызметкерлері мен әскери күзеттің жеке құрамының қарамағында келе жатқан жолаушылар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметкерлері белгілі бір адамдарды бақылаушы ретінде еріп жүрген жағдайда іссапар куәлігінде тиісті белгілер қойылуы қажет. SSR-дің «WEAF» кодын қолданып, міндетті түрде алдын-ала сұраныс жіберілуі керек. Қару-жарақты растау мақсатында оның сипаттамасы, саны, моделі, табельдік нөмірі мен әбзелді (патрондар) қолдану мақсаты тексеріледі.

СПОРТТЫҚ ЖАБДЫҚТАР

Құрметті жолаушылар сіздер спорттық жабдықтарды тасымалдауға қатысты ақпараттармен танысып шыға аласыздар.

Жабдықтар

Ішкі рейстердегі тасымал құны

Арнайы шарттар

Гольфқа арналған жинақ

4000 тг

1 жинақ: таяқтарға арналған сөмке, 13 таяқ, 12 доп, қазықшалар және 1 жұп аяқ киім. Алдын ала сұраныс талап етілмейді.

Велосипед

4000  тг

Бір жолаушыға бір тал велосипедті тасымалдау рұқсат етіледі. Велосипедті алдын ала тасымалдауға дайындап қою керек: рөлін жанына бекіту, дөңгелек қысымдарын түсіру және педальды алу. Велосипедті арнайы қорапқа қаптауға кеңес береміз. Алдын ала сұраныс қажет.

Суға сүңгу жабдықтары

4000 тг

Сүңгуір жабдықтары алдын ала сұранысты талап етпейді. Сүңгуір жабдығының бір жинағына енеді: жүзгіштік компенсатор, реттегіш, маска және тыныс алу құбыршасы, ескекаяқ жұбы, жүгі бар ауырлатқыш белбеу. Тасымалдау кезінде акваланг баллондары бос, қақпақшалары – ашық болуы керек. Сүңгуір шамы токсыз болуы керек, шамды немесе аккумуляторды ажырату керек, шамды тек қол жүгі ретінде тасымалдауға болады

Басқа да спорттық жабдықтар (шаңғылар, сноубордтар, теннис, бадминтон, балық аулау, атқа міну жабдықтары

4000 тг

Жүктің бір орнына бір сноуборд және бір жұп шаңғы, шаңғы таяқтарын және шаңғы аяқ киімдерін алуға болады. Егер ұзындығы 170 см және салмағы 5 кг аспайтын болса шаңғы, сноуборд қосымша төлем алынбайды. Алдын ала сұраныс талап етіледі.

Егер жабдықты тасымалдау алдын ала брондалмаса және әуе компаниясымен расталмаса, әуе компаниясы спорттық жабдықтары бар жолаушыны тасымалдаудан бас тартуға құқылы, бұл ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету немесе әуе компаниясы немесе жолаушылардың мүліктеріне зиян келтірудің алдын алу үшін қажет. Спорттық жабдықты тасымалдау сұранысы ұшуға дейін 24 сағат бұрын қабылданады.