Жаңалықтар

QAZAQ AIR Жезқазғанға жаңадан рейстер ашады

03.08.2017

QAZAQ AIR әуекомпаниясы жаңа Астана - Жезқазған бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайтынын қуана xабарлайды.

2017 жылдың 19 тамызынан бастап әр сенбі сайын бас қала тұрғындары QAZAQ AIR компаниясымен бірге Қазақстанның "мыс астанасына" Bombardier Q400 NextGen заманауи ұшақтарымен сапар шеге алады. Ұзақтығы 55 минут болатын Астана - Жезқазған бағдарында орындалатын рейстің ұшу құны, барлық төлемдерді қоса есептегенде, 13 366 теңгеден басталады. Жезқазғаннан Елордаға, барлық төлемдерді қосқанда, 13 662 теңгеге жетуге болады.

Аталмыш ұсыныспен қатар, жезқазғандықтарға Астана арқылы оңтүстік астанаға жету мүмкіндігі ашылады. Бұл сапардың құны 20 878 теңгеден басталады. Алматыдан Астана арқылы "мыстың бас қаласына" жету үшін flyqazaq.com сайтынан, барлық алымдарды қоса есептегенде, 20 207 теңгеге билетті алу ұсынылады.

"Біздің ойымызша, бұл бағытты Астанадан өнеркәсіп орталығына жиі сапар шегетін, онымен қатар Астана мен Алматыға барып тұратын жезқазғандықтар көптен күткен еді. QAZAQ AIR әуекомпаниясы жолаушыларын емін-еркін жеткізуге дайын екенін қуана xабарлайды" – деп атап өтті әуекомпанияның коммерциялық директоры Адель Даулетбек.

QAZAQ AIR компаниясының билеттерін flyqazaq.com сайтынан, сату орталықтарынан немесе +7 727 356 1414 телефон нөмірі бойынша xабарласу арқылы брондап, сатып алуға болады.