QAZAQ AIR 1 маусымнан бастап Алматы мен Астанадан Үржарға әуе рейстерін ашады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 1 маусымнан бастап келесі туристік бағыттар бойынша маусымдық рейстерді іске қосады: Астана – Үржар – Астана және Алматы – Үржар – Алматы.

Рейстер аптасына 4 рет жиілікпен жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде келесі кесте бойынша орындалады:

Сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері:

IQ 505 Астана (08:25) – Үржар (10:10)

IQ 506 Үржар (14:30) – Астана (16:10)

IQ 363 Алматы (12:40) – Үржар (14: 00)

IQ 364 Үржар (10:50) – Алматы (12: 10).

Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.

QAZAQ AIR жоғары халықаралық және ұлттық үшу қауіпсіздік стандарттарына сәйкес қолжетімді өңіраралық әуе тасымалын қамтамасыз етіп келеді. Мұндай бағыттарға сұраныстың артуы – ел өңірлерінің туризм мен іскерлік белсенділігінің жоғары әлеуетін көрсетеді.