QAZAQ AIR Жезқазғаннан Қарағандыға рейстерді орындай бастайды

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 12 ақпаннан бастап Жезқазғаннан Қарағандыға рейстер ашады. Ұшулар келесі кесте бойынша дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері аптасына 4 рет жаңа de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалады:

Дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері (жергілікті уақыт бойынша):

IQ 439 Жезқазған 11:10 – Қарағанды 12:10

IQ 440 Қарағанды 12:50 – Жезқазған 13:50.

Бейсенбі күндері:

IQ 439 Жезқазған 14:50 – Қарағанды 15:50

IQ 440 Қарағанды 16:30 – Жезқазған 17:30.

Авиабилет құны – 10 000 теңге. Ол 5 кг-ға дейін Билет құнына қол жүгі мен 20 кг-ға дейін багажды тасымалдау кіреді. Сонымен қатар, ұшу күнін өзгертуге және билеттерді қайтару тегін. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі.

Билеттерді қазірден бастап авиакомпанияның сату кеңселерінде немесе flyqazaq.com сайтында брондауға және сатып алуға болады,

Естеріңізге сала кетейік, авиакомпания барлық бағыттарда спорттық жабдықтарды (шаңғы жабдықтары, сноуборд жабдықтары, мұзда сырғанауға арналған конькилер) тегін тасымалдау бойынша барлық қысқы кезеңге акция өткізеді.