«QAZAQ AIR» АҚ Нұр-Сұлтан және Жезқазған қалалары арасындағы рейстер санын арттырады

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Ұлытау облысының әуе қатынасын дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Азаматтық авиация комитеті мен «QAZAQ AIR» АҚ Ұлытау облысының жаңа облыс орталығы мен астана арасындағы әуе қатынасын екі еседен астам ұлғайту туралы шешім қабылдады.

Осылайша, 2022 жылдың 15 тамызынан бастап QAZAQ AIR авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан қаласынан Жезқазған қаласына аптасына 3 рейс орнына 7 рет рейстер орындайтын болады. «Айта кету керек, бұл бағыт жолаушылар арасында жоғары сұранысқа ие. Енді Әуекомпания Жезқазған қаласына аптасына 7 рет айтарлықтай жиі ұшатын болады, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді және туризмнің дамуына айтарлықтай әсер етеді»  – деп атап өтті әуекомпанияның коммерциялық директоры Сулейман Мирзаев.

 Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтында, сондай-ақ Әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.

               Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан рейстер күн сайын орындалатын болады.