QAZAQ AIR Астана – Кызылорда – Астана бағыты бойынша ұшуды қайта бастайды

22 мамырдан бастап QAZAQ AIR Астана – Кызылорда – Астана бағыты бойынша тұрақты рейстерді қайта бастайды. Ұшулар аптасына 4 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі) келесі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт бойынша):

IQ 425 Астана 17:50 – Қызылорда 18:40

IQ 426 Қызылорда 19:20 – Астана 22:15.

Билеттерді сатып алу кезінде www.flyqazaq.com сіз борттағы орынды алдын ала брондауға, багаждың немесе қол жүгінің көлемін арттыруға, борттық тағамға тапсырыс беруге, үй жануарлары мен спорттық жабдықтарды тасымалдауға бірден тапсырыс бере аласыз.

Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.