QAZAQ AIR Астанадан Талдықорғанға күн сайын ұшатын болады

QAZAQ AIR 22 мамырдан бастап Астанадан Талдықорғанға күн сайын ұшатын болады. Ұшулар жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалады.

Рейстер келесі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт бойынша):

IQ 429 Астана 13:00 – Талдықорған 14:45

IQ 430 Талдықорған 15:15 – Астана 17:05.

Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR әуе компаниясы Қазақстан қалаларынан Түркістан, Омбы және Екатеринбургке халықаралық тікелей және қосылатын рейстерді орындайды. www.flyqazaq.com сайтынан билеттерге қазірден бастап тапсырыс беріп, бізбен бірге саяхаттаңыз!