QAZAQ AIR әуе компаниясы телеграмдағы чат-бот қызметін іске қосты

QAZAQ AIR әуекомпаниясы https://t.me/fly_QazaqAir_Bot чат-ботын іске қосты. Енді  тәуліктің кез келген уақытында пайдаланушылар жедел жауап ала алады.

Чат-бот төмендегі сұрақтар бойынша кеңес беруге дайын:

  • авиакомпания клиенттерінің жиі қойылатын сұрақтарына жауаптар;
  • онлайн тіркеу бойынша нұсқаулық;
  • авиабилеттерді айырбастауға / қайтаруға өтінім беру мүмкіндігі;
  • барлық ұсынылатын қосымша қызметтердің сипаттамасы және оларды рәсімдеу;
  • ақпарат беру (байланыс орталығының нөмірі және эл. пошта);
  • чартерлік және топтық тасымалдау туралы ақпарат.

Бүгінгі күнге дейін әуе компаниясы жолаушылар өтініштерін байланыс орталығы, әлеуметтік медиа, электрондық пошта және сату кеңселері арқылы қабылдап келді. Авиакомпания өкілінің айтуынша, байланыс орталығы аптасына орта есеппен 500-ден астам өтінішті қабылдайды. Енді виртуалды көмекші арқылы жолаушылармен өзара әрекеттесу тезірек және ыңғайлы болады.

«Біз үшін әуе лайнерлерімізде ұшулар барынша ыңғайлы және қауіпсіз болуы үшін өз көмегімізді ұсыну маңызды. Чат-бот жолаушыларды жедел қолдау мақсатында құрылған. Бұл уақытты барынша үнемдейді. Егер сізде чат-ботқа жүгінгеннен кейін сұрақтарыңыз болса, сіз әрқашан тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына хабарласа аласыз», – деп атап өтті авиакомпанияның коммерциялық директоры Сүлейман Мирзаев.