QAZAQ AIR  Түркістан – Самарқанд жаңа рейсін ашады

QAZAQ AIR әуе компаниясы Түркістаннан Самарқанд қаласына 15 наурыздан бастап тікелей рейстер ашады. Халықаралық тұрақты рейс de-Havilland Dash 8-Q400 заманауи, жайлы әуе лайнерлерінде аптасына 2 рет келесі кесте бойынша орындалатын болады:

Жұма  және жексенбі күндері (жергілікті уақыт бойынша):

IQ 509 Түркістан 20:20 – Самарқанд 21:20

IQ 510 Самарқанд 22:10 –  Түркістан 23:10.

«Жаңа рейс Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді», – деп атап өтті QAZAQ AIR баспасөз қызметі.

Әуе билеттің құны бір бағытқа 25 697 теңгеден басталады. Билеттерді www.flyqazaq.com сайтынан бүгіннен бастап сатып алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR әуекомпаниясы Қазақстан қалаларынан Новосібір, Омбы және Екатеринбург халықаралық тікелей және қосылатын рейстерді орындайды.