QAZAQ AIR (VIETJET QAZAQSTAN) әуе компаниясы өз бағыттар ұшу географиясын кеңейтіп, Орталық Азияның негізгі қалаларын – Бішкек пен Самарқандты Қазақстан астанасымен тікелей байланыстыратын екі жаңа халықаралық бағыттың ашылғанын хабарлайды.
Әуе компанияның Орталық Азиядағы бағыттарын кеңейту бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі елдері арасындағы байланыстарды дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени ынтымақтастықты күшейту жөніндегі стратегиялық бастамасымен үндес келеді.
2025 жылғы 7 қарашадан бастап әуе компаниясы Астана – Самарқанд – Астана бағыты бойынша, ал 10 қарашадан бастап Астана – Бішкек – Астана бағыты бойынша тікелей рейстерді орындайды.
Рейстер кестесі:
Астана – Самарқанд – Астана (аптасына 2 рет — жұма және жексенбі):
- Астана 10:30 – Самарқанд 13:30
- Самарқанд 14:20 – Астана 17:25
Астана – Бішкек – Астана (аптасына 2 рет — дүйсенбі және бейсенбі):
- Астана 14:00 – Бішкек 16:50
- Бішкек 17:50 – Астана 19:00
«Астана, Самарқанд және Бішкек арасындағы тікелей әуе қатынасы жолаушыларға ыңғайлы сапар ұсына отырып, аймақтың іскерлік, туристік және мәдени байланыстарын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттар саяхатшыларға, кәсіпкерлерге және студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашып, тарихи және заманауи әлеуеті зор қалаларды байланыстырады», — деп атап өтті QAZAQ AIR (VIETJET QAZAQSTAN) әуе компаниясының Басқарма Төрағасы Адилбек Умралиев.
Астанадағы хаб арқылы әуе компаниясы жолаушыларға Бішкекке, Самарқандқа, Омбы мен Новосібірге, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлеріне ыңғайлы түйісу рейстерін ұсынады.
Жаңа бағыттарға билеттерді flyqazaq.com сайтынан, сондай-ақ әуе компаниясының сату кеңселері мен серіктестерінен сатып алуға болады.