«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы мамандары Атыраудағы ерекше балаларды дамыту орталығымен танысты

Ақпан айында басталған «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Ынтымақ» жобасы еліміздің батысында жалғасын тапты. Жоба Қордың еңбек ұжымдарын бірыңғай оператор компаниялар тобының атынан жүзеге асыратын қайырымдылық қызметімен біртіндеп таныстыруға бағытталған.

 Осы аптада Атырауда Қордың портфельдік компаниялары мен өңірдің еншілес ұйымдарының жас экологтары «Зейін-Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығына барып, оның жұмысына қанығып қана қоймай, қызметкерлерімен әңгімелесті және жас тәрбиеленушілермен сабақтардың қалай өтіп жатқанын білді. Қордың қолдауының арқасында 2022 жылы орталыққа күрделі жөндеу жүргізіліп, оңалту жабдықтарымен және жиһазбен жабдықталды. Бұдан тыс, ерекше қажеттілігі бар 50 балаға арналған 120 тегін курс ұйымдастырылды.

«Samruk-Kazyna Trust» КҚ қайырымдылық қызметі шеңберінде Атырау облысында 2017-2022 жылдары аралығында жалпы сомасы 1,1 млрд. теңгеге 21 әлеуметтік жоба іске асырылды. Бұл игі істер әлі де жалғасып жатыр.