«Туған елге саяхат» патриоттық-танымдық пойызы

2023 жылдың жаз айларында 600 бала «Туған елге саяхат» патриоттық-танымдық пойызында Қазақстанның 7 туристік аймағында болады.

10-15 жас аралығындағы олардың 300-і «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы өндірістік кәсіпорындар қызметкерлері отбасыларынан сапар шексе, қалған 300 бала «Өз өңірімді өркендеткім келеді» тақырыбында шығарма жазу арқылы іріктеледі. Бұл үшін еркін түрде жазылған туындыны poezd2023@list.ru электрондық поштасына 10 маусымға дейін жолдау қажет.

Байқау жұмыстары мемлекеттік немесе орыс тілінде қабылданады. Бір қатысушы бір шығарма ғана жолдауы керек. Үздіктерді қазылар алқасы анықтайды.

Пойыздың өзі 3 кезеңде қатынайды:

1. 19 және 28 маусым аралығында Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Бурабай – Астана;

2. 2 және 11 шілде аралығында  Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Алакөл – Астана;

3. 19 және 30 шілде аралығында Астана – Алматы – Түркістан – Байқоңыр – Ақтау – Астана.

Толық ақпаратты 8 71 72 604599, 8 775 142 66 82 нөмірлерінен білуге болады.

Биіктерге бірге!