Жаңа 2023 жылдың басынан бастап Астанадан Петропавлға күнделікті рейстер іске қосылады.

Жаңа 2023 жылдың басынан бастап Астанадан Петропавлға күнделікті рейстер іске қосылады.

Астана – Петропавл – Астана рейстері бойынша билет бағасы бір жаққа 12000 теңге тұрады.

14 жасқа дейінгі балаларға компания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады. Қолжүгін тасымалдау нормасы 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Ұшу датасы мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды.

Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.

‼️ Естеріңізге сала кетейік, авиакомпания барлық бағыттарда спорттық жабдықтарды (шаңғы жабдықтары, сноуборд жабдықтары, мұзда сырғанауға арналған конькилер) тегін тасымалдау бойынша барлық қысқы кезеңге акция өткізеді.