1 қазаннан бастап QAZAQ AIR Өскеменнен Нұр-Сұлтанға, Алматы мен Қарағандыға тұрақты рейстерді қалпына келтіреді.

QAZAQ AIR өз жолаушыларына қазан айының бірінші күнінен бастап Өскеменнен Нұр-Сұлтанға, Алматы мен Қарағандыға ішкі әуе рейстерінің қайта басталғаны туралы хабарлайды.

Өскемен – Нұр-Сұлтан аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі). Билеттер құны 16 041 теңгеден бастап.

Өскемен – Алматы аптасына 4 рет (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі). Билеттер құны 22 385 теңгеден бастап.

Өскемен – Қарағанды ​​аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі). Билеттер құны 20 000 теңге.