Рейстің мәртебесі өзгерген кездегi әуекомпанияның жауапкершілігі

Ответственность Авиакомпании при изменении статуса рейса (рус)

Airline responsibility in case of flight status change (eng)

Әуекомпанияның кінәсінен немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейстің мәртебесі өзгерген кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттері мен аралық пункттерде мынадай:

  •       жеті жасқа дейінгі балалы (болған кезде) жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну;
  •      рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын шалу, оның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрондық почта арқылы екі хабарлама жіберу;
  •      рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету;
  • рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан аса және әрі қарай күткен кезде:
    • күндізгі уақытта – әрбір алты сағат сайын;
    • түнгі уақытта әрбір сегіз сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
  •      рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан аса және түнгі уақытта алты сағаттан аса күткен кезде тасымалдаушы ұсынған қонақ үйге орналастыру;
  •     қонақ үй қосымша ақысы алынбай ұсынылатын жағдайда тасымалдаушы ұсынған көлікпен әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай жеткізу қызметтерін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.

Рейс тоқтатылған жағдайда сатып алу орны бойынша билеттерді толық қайтару немесе айыппұлдарды ұстамай айырбастау мүмкін.

Жоғарыда аталған қызметтерді алу үшін жолаушы әуежайдағы әуекомпания өкілдеріне өз бетінше жүгінуі қажет. Сұрақтар туындаған жағдайда және қосымша ақпарат алу үшін +7 (727) 356 14 14 телефоны бойынша байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Тасымалдаушы жолаушыны межелі пунктке жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін, егер мерзімін өткізіп алу еңсерілмейтін күш салдарынан орын алғанын дәлелдей алмаса, жолаушы шеккен залалдарды өтеуден басқа, егер бұл осындай мерзімін өткізіп алуға байланысты орын алған болса, мерзімін өткізіп алған әрбір сағат үшін тариф (мерзімін өткізіп алу орын алған ұшу учаскесі тарифі) құнының үш пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.

Айыппұл сомасын сатып алынған тариф (мерзімін өткізіп алу орын алған ұшу учаскесі тарифі) құнынан асыруға болмайды.

Рейстің кешіктірілгені үшін өтемақы төлеу үшін info@flyqazaq.com поштаға өтінішті ресімдеу қажет.

[forminator_form id=”9017″]
# # #