Борттағы тамақтану

QAZAQ AIR әуе компаниясы өз жолаушыларына тамаққа алдын ала тапсырыс беру қызметін ұсынады. Бортта ұсынылатын барлық тамақ түрлері мен сусындардың сапасы жоғары әрі қауіпсіздік талаптарына сай. Тағамдар қазақстандық өндірушілер мен фермерлердің өнімінен әзірленеді.

Борттағы асқа алдын ала тапсырыс беру ережелерімен компания сайтынан таныс бола аласыздар. 

Сапарларыңыз сәтті, астарыңыз дәмді болсын! 

Борттық тағамға тапсырыс беру және оны төлеу рейстің жоспарланған ұшу уақытына дейін 24 сағаттан кешіктірілмеуі қажет. Тамақтану ақысын www.flyqazaq.com сайтында әуебилетті брондау кезінде, қалалық агенттіктерде немесе брондау орталығының +7 (727) 356- 14 -14 номері арқылы төлеуге болады.

Қызмет тек Астана, Алматы мен Ақтөбе қалаларынан ұшатын рейстерде ғана ұсынылады. 

Құрметті жолаушылар,

Қосымша ақы төлеу арқылы борттағы тағамға тапсырыс беру шарттарымен таныс болыңыздар.

Қосымша ақы төлеу арқылы борттағы тағамға тапсырысты рәсімдеу.

  • Борттағы тағамға тапсырыс, рейстің жоспарланған ұшу уақытына 24 сағат қалған уақыттан кешіктірілмей берілуі тиісті.
  • Төлем flyqazaq.com сайтында, қала агенттіктерінде немесе+7 (727) 356 14 14 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылады.
  • Қазіргі уақытта аталмыш қызмет түрі әуекомпанияның Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларынан ұшатын тікелей рейстерінде қол жетімді.
  • Аталмыш қызмет түріне төлемді әуе билетті сатып алғаннан кейін де қала агенттіктерінде немесе брондау орталығында жасауға болады.
  • Егер бір броньдауда бірнеше жолаушы болса, онда әрқайсысына борттық тағамға жеке тапсырыс ресімделеді.
  • Борттағы тамақ төлемін растау бағдар түбіртегінде көрсетіліп,  қосымша қызмет туралы толық ақпарат электронды поштаңызға жіберілген хаттың қосымша қызметтер бөлімшесінде көрсетіледі.
  • Тағам құрамындағы ингредиенттерге қарсы көрсетілім мен аллергия салдары үшін жолаушы жауапты.

Борттағы тағамнан бас тарту немесе қосымша ақы төлеу арқылы борттағы тағамға тапсырысқа өзгеріс енгізу шарттары

  • Жолаушы өз еркімен ұшу уақытынан кем дегенде 48 сағат бұрын ұшу билетін басқа күнге ауыстырған жағдайда, тамақ тегін басқа рейске ауыстырылады. Басқа кезде борттағы тағам басқа рейске ауыстырылмайды және де төлем қайтарылмайды.
  • Егер QAZAQ AIR әуекомпаниясы рейстің ұшу уақытын 6 сағатқа шегерткен немесе оны болдырмаған жағдайда, жолаушыға тағам тапсырысының төлемақысын толықтай қайтарылады. Басқа жағдайларда борттағы тағам үшін жасалған төлем қайтарылмайды.
  • Жолаушы өз еркімен ұшу уақытынан кем дегенде 48 сағат бұрын ұшу билетін қайтарған жағдайда, борттағы тағам төлем толық қайтарылады. Көрсетілген себеп-салдары – рейс кешіктіріліп немесе болмай қалған жағдайлардан басқа кездерде борттағы тағам төлемінің сомасы қайтарылмайды.
  • Жолаушы рейске келмеген жағдайда борттағы тағам төлемақысы қайтарылмайды.
  • Борттағы тағам төлемақысын қайтару үшін +7 (727) 356 14 14 телефоны бойынша әуекомпанияның колл-орталығына хабарласып немесе info@flyqazaq.com электронды поштасына сұраныс жіберуіңіз тиісті.

Басқа да шарттар

  • 2013 жылдың 21 мамырында қабылданған Қазақстан Республикасының N 94-V Заңы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» сәйкес, сіздің тапсырысыңызды орындау үшін әуекомпания сіздің есіміңіз бен рейс туралы мәліметтерді пайдаланатын болады.
  • Қосымша төлем жасалатын борттағы тағамға тапсырыс беру қызметін пайдалана отырып, жолаушы:
  • Қосымша ақы төлеу арқылы борттағы тағамға тапсырысты рәсімдеу мақсатында берілген барлық ақпарат шынайы екенін;
  • Алдау немесе алаяқтық іс-әрекеттерге бармайтынын растайды.
  • Компания жолаушы көрсеткен электронды почта мекенжайына тапсырысыңыздың статусы жайлы хабарлауға және де компанияның тағам қызметіне баға беру үшін пайдануға құқылы.
Баға: 2 000 тңг

Тауықтың төс еті қосылған сэндвич

чиабатта, қуырылған тауық еті, моцарелла ірімшігі, қызанақ, салат жапырақтары

Баға: 2 600 тңг

Тауық төс еті қосылған «Цезарь» салаты

ірімшік таяқшалары, пармезан ірімшігі, кесіліп қуырылған нан,
черри қызанақтары, «Catsar» соусы

Баға: 2 600 тңг

Сүрленген күркетауық пен кускус қосылған салат

Күркетауық, кускус, Гауда ірімшігі, черри қызанағы, айсберг салаты, с алат жапырағы, зәйтүн, лимон қосылған зәйтүн майы

Баға: 2 600 тңг

Тунец қосылған “Нисуаз” салаты

тунец, жасыл бұршақ, черри қызанағы, пісірілген картоп,
айсберг салаты, салат жапырағы, з әйтүн, “Цезарь” соусы

2 000 тңг

Тауықтың сүр төс еті қосылған сэндвич

пита, тауық еті, Гауда ірімшігі, қаймақ ірімшігі,
қызанақ, айсберг салаты, салат жапырағы, бұрыш, қыша қосылған зәйтүн майы

Баға: 1 700 тңг

Баба гануш соусы қосылған вегетариандық сэндвич

пита, баклажан дәмдеуіштермен, салат жапырағы, қызанақ

Баға: 2 000 тңг

Сиырдың сүр еті қосылған сэндвич

чиабатта, сиыр еті, қыша сырғысы бар ірімшік, лоло-россо салат жапырағы, қызанақ қияр