Борттағы орынды таңдау

Құрметті жолаушылар!

«QAZAQ AIR» әуе компаниясы біздің сайт арқылы әуе кемесінің салонында Сізге қажетті орынды таңдау  немесе  +7(727) 3561414 телефоны арқылы брондау орталығында брондау мүмкіндігін ұсынады.

QAZAQ AIR жолаушыларға аяқтарға қосымша кеңістігі бар орындар, сонымен қатар сізге ұнаған орынды арнайы бағамен брондау мүмкіндігін ұсынады, бағаны Брондау орталығынан немесе әуе компанияның сайтынан білуге болады. Сізге қажетті орынды брондау мен төлемді рейстің ұшуынан 24 сағат  бұрын жасалады.

Назар аударыңыз!

Алдын ала таңдалған орындарды беру әуе компаниясының қосымша ұсынысы болып табылады. Егер сіз бұл қызметті пайдаланбаған болсаңыз, «QAZAQ AIR» әуе компаниясы рейске тіркелу сәтінде автоматты түрде әуе кемесінің салонында кез-келген бос орындарды сіздің атыңызға немесе бір брон бойынша сізбен бірге саяхат жасайтын басқа тұлғалардың атына тіркеп қояды.

Таңдалған және төлем жасалған орындар басқа тұлғаларға берілмейді.

Таңдалған орынды ауыстыруға немесе қайтаруға болмайды.

Төменде әуе кемесінің салонында алдын ала орын таңдау  қосымша қызметтері үшін төлем мөлшерлері келтірілген:

СипаттамаОрынның әріптік кодыҚұны
1-2 қатардағы барлық орындарA, B, C, D7000 теңге
3-6 қатардағы барлық орындарA, B, C, D5000 теңге
7-11 қатардағы барлық орындарA, B, C, D3000 теңге
12-14 қатардағы барлық орындарA, B, C, D1500 теңге
15-16 қатардағы барлық орындарA, B, C, D500 теңге

Аяқтарға арналған қосымша кеңістігі бар орындар апаттық шығулардың жанында орналасқан және оларға төмендегі  ережелер қолданылады:

Аяқтарға арналған қосымша кеңістігі бар апаттық шығулардың жанында орналасқан орындардағы  (1А, 1В, 1 C, 1 D, 2 A, 2 B, 2С, 2D - әуе кемесінің конфигурациясына байланысты) жолаушыларға арналған ережелер:

Ұшуларды ұйымдастыру қауіпсіздік ережелері бойынша  апаттық шығулардың жанында орналасқан орындар 18 жастан асқан төменде көрсетілген тұлғаларға ғана берілетінін ескерулеріңізді:

  • Ұшақ салонында жануарлармен саяхаттайтын жолаушылар
  • Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар
  • Жүкті әйелдер
  • Кәмелет жасына толмаған жолаушылар
  • Писхикалық немесе физикалық ауытқулары бар жолаушылар
  • Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білмейтін жолаушылар
  • 60 жастан асқан жолаушылар

«QAZAQ AIR» әуе компаниясы  кез-келген уақытта – тіптен ұшаққа жолаушыларды отырғызу аяқталғаннан кейін де әуе кемесінің салонындағы орындарды тарату құқығын өзіне қалдырадыБұл ұшуды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болуы мүмкін.

Назар аударыңыз! Ұшақтың бортына отырған кезде Сізден берілген отыратын талонға сай орынға ие болуыңызды сұраймыз.

Әуекомпаниясының тасымалдау ережелеріне сай, сонымен қатар ұшу қауіпсіздігінің талаптары бойынша, жолаушыларға ұшу кезінде орындарын ауыстыруға рұқсат берілмейді.

«Әуе кемесінің бортында мінез-құлық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 416 бұйрығына сәйкес

2-тарау. Әуе кемесінің бортында мінез-құлық тәртібі

      4. Әуе кемесінің бортында жолаушы ретінде болатын тұлғаларға:

      2) қол жүгін және жеке заттарын арнайы белгіленген орындарға орналастырып, отырғызу талонына сәйкес өз орнына орналасу. Багаж қол жүгінің габариттеріне сәйкес келмеген жағдайда, багажды багаж бөлігіне тапсыру қажет;

«QAZAQ AIR» әуе компаниясы  келесі жағдайларда алдын-ала орын таңдау қызметіне төленген шығынның орнын толтырады:

  • Рейсті  тоқтату;
  • Техникалық  немесе операциялық себептер  бойынша орын беру мүмкін болмауы.

Ақшалай қаражаттар тасымалдау төлемі жасалған жолмен қайтарылады.