«Іскери әуе билеті» — бұл іскер жолаушыларға арналған арнайы ұсыныс. Жол жүру билеті бағдарламаның бір бағыты бойынша ерекше шарттармен бірнеше рет ұшуға арналған.
«QAZAQ AIR» авиакомпаниясының «Іскери әуе билетіне» ерекше шарттармен 4 бағыт бойынша 2-ден 4-ке дейін бару-қайту рейсі кіруі мүмкін.
Ерекше шарттар
- Жол жүру билетіне 2 немесе 4 бару-қайту рейсі кіруі мүмкін;
- Жол жүру билетіне неғұрлым көп рейстер қосылса, бір сапар тарифі соғұрлым төмен болады;
- Сатып алу кезінде тек бірінші ұшу күнін анықтау керек. Қалған билеттер ашық күнмен ресімделеді;
- Жол жүру бойынша алғашқы сапар маршруттың кез келген қаласынан болуы мүмкін;
- Ұшу күнін енгізу және өзгерту авиакомпанияның байланыс орталығында тегін жүргізіледі;
- Билетке өзгерістерді ұшуға дейін 12 сағаттан кешіктірмей шексіз рет енгізуге болады.
«Іскери әуе билетінің» қолданылу мерзімі:
- 2 «екі бірдей бағытқа» сапарлары – 2 ай;
- 4 «екі бірдей бағытқа» сапарлары – 4 ай.
Бағдарламаның ұшу бағыттары және құны
Қалалар арасында | 2 екі бірдей бағытқа сапарлары* | 4 екі бірдей бағытқа сапарлары* |
Астана – Алматы | 99 366 тг | 174 732 тг |
Астана – Шымкент | 99 522 тг | 175 044 тг |
Атырау – Ақтөбе | 71 782 тг | 127 064 тг |
Астана – Жезқазған | 82 016 тг | 148 032 тг |
Астана – Ақтөбе | 100 788 тг | 177 576 тг |
Бағыттар бойынша «Іскери әуе билеті» бағытындағы бір ұшудың орташа бағасы:
Қалалар арасында | Бір ұшу (2 сапар кезінде) | Бір ұшу (4 сапар кезінде) |
Астана – Алматы | 24 842 тг | 21 842 тг |
Астана – Шымкент | 24 880 тг | 21 880 тг |
Атырау – Ақтөбе | 17 945 тг | 15 883 тг |
Астана – Жезқазған | 20 504 тг | 18 504 тг |
Астана – Ақтөбе | 25 197 тг | 22 197 тг |
Шектеулер
- «Іскери әуе билеті» ересек жолаушыларға ғана ресімделеді (балаларға жеңілдіктер қолданылмайды).
- «Іскери әуе билетінің» бағытын өзгертуге тыйым салынады.
- «Іскери әуе билетін» пайдалану электрондық билет купондарының жүру тәртібімен жүзеге асырылуы тиіс. Одан әрі тасымалдау үшін купондарды пайдалану реттілігі бұзылған Билет жарамсыз.
Іскери әуе билеті сатып алуға өтінімді авиакомпанияның байланыс орталығы арқылы немесе info@flyqazaq.com электрондық поштасы арқылы жасауға болады.
Іскери әуе билеті тарифтері мен рейс құны туралы толық ақпарат алу үшін сілтемені басыңыз.