«Борттағы құттықтау» қызметы

QAZAQ AIR әуе компаниясы барлық тұрақты рейс жолаушыларына «Борттағы құттықтау» қызметін ұсынады. Экипаж туған күн немесе мерейтой иесін, сондай-ақ отбасылық мерекемен құттықтап, келесі сапарға билетті сатып алу жеңілдігіне жолдама береді.

Достарыңызды, отбасыңызды ұшу кезінде әсерлі құттықтап, ұмытылмас әсер сыйлаңыз!

Қызметке тапсырыс беру тәсілдері:

• www.flyqazaq.com веб-сайтында билеттерді брондау кезінде «Қосымша қызметтер» бөлімінде;

• ұшуға дейін 48 сағат бұрын www.flyqazaq.com веб-сайтының «Брондау» бөлімінде;

• жоспарланған рейстен 48 сағат бұрын QAZAQ AIR әуе кассаларында тапсырыс беруге болады.

Қызмет құны 5 800 теңгені құрайды.

«Борттағы құттықтау» қызметінің мәтіні:

Ханымдар мен мырзалар,

QAZAQ AIR компаниясы _______ (қызмет тұтынушысының аты-жөні) ___________ (Жолаушының толық аты-жөні) ___________ / отбасылық жұбын (Жолаушының толық аты-жөні) ___________ (Жолаушының толық аты-жөні) туған күнімен / үйлену мерейтойымен / мерейтойымен шын жүректен құттықтайды! Біз сізге зор денсаулық пен бақыт, отбасыңызға береке-бірлік, қуаныш пен шаттық, әр ісіңізге сәттілік, мол табыс тілейміз! Барлық армандарыңыз орындалып, өмірдің биік белестерінен көріне беруіңізге тілектеспіз!

Құттықтау үшін тек жоғарыдағы мәтін қолданылады. Жеке мәтін қабылданбайды,

Қызмет келесі жағдайларда көрсетілмейді:

1. Әуе компаниясының рейсті тоқтатуы

2. Әуе компаниясының «Борттағы құттықтау» қызметін белгіленген рейсте көрсете алмауы

3. Ақылы қызметтен ерікті түрде бас тарту рейс жөнелтілгенге дейін 48 сағаттан кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс. Өтінім info@flyqazaq.com электрондық поштасына жіберілуі керек.

Қызметті басқа қызметке, рейске, жолаушыға және басқаларға қайта тіркеуге жол берілмейді.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 727 356 1414 байланыс орталығына хабарласа аласыз.