Топтық тасымалдау

Топтық сапарды брондауға өтініш

Бірге саяхаттайтын және 10 адамнан кем емес жолаушылар тобы үшін біздің авиакомпания арнайы тарифтерді пайдалануды ұсынады. Сіз топтық тасымалдау тарифтері бойынша барлық маршруттық желісіндегі  авиабилеттерге,  тек субсидияланған бағыттардан басқаларына тапсырыс бере аласыз.

Қызмет көрсету класы —экономикалық.

Назар аударыңыз, тариф бөлімінде жарияланған тарифтерден ерекше (бөлек) топтық тасымалдау тарифтерінің арнайы қолдану ережелері  енгізілген.

Біздің авиакомпаниямыздың  топтық тасымалдау тарифтері бойынша авиабилеттерге тапсырыс беру үшін сізге:

Сапарыңыз  туралы қысқаша ақпаратты Call.Centre@flyqazaq.com  электрондық поштасына жіберуіңіз қажет:

  • жолаушылар саны (ересектер және жасы көрсетілген балалар  саны);
  • ұшу әуежайы және ұшу күні;
  • ұшып келу әуежайы және ұшып келу күні;
  • өтініш берушінің аты-жөні,
  • агенттіктің немесе компанияның атауы, байланыс телефоны және  электрондық поштасы;
  • сапар мақсаты 

Біздің сату кеңсесінің  мамандары  жақын арада сізбен байланысады.

ШарттарыТоптық тасымалдаудың ерекшеліктері
Класс «Эконом»
Арнайы тариф10 адамнан кем емес  топтар үшін қол жетімді
Жеңілдіктер2 жастан 14 жасқа дейінгі балалар үшін – билет құнынан 50% жеңілдік, 2 жасқа дейінгі балалар үшін тегін (қосымша орынсыз)
Рейстің күнін, нөмірін, бағытын өзгерту
Рұқсат етілмейді
Жүк20 кг