Ақтөбе әуежайы жабылады

Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың (Ақтөбе) жабылуына байланысты 2022 жылдың 17 наурызы мен 23 наурызы аралығында QAZAQ AIR әуекомпаниясының тұрақты ұшу және ұшып келу кестесі өзгереді. Келесі рейстер тоқтатылды:

  • Нұр-Сұлтан – Ақтөбе – Нұр-Сұлтан
  • Ақтөбе – Атырау – Ақтөбе
  • Ақтөбе – Қазан – Ақтөбе
  • Ақтөбе – Түркістан – Ақтөбе

Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішпен бірге info@flyqazaq.com мекенжайына хабарласыңыз. Егер билет агенттікте сатып алынған болса, сіз сатып алу орнына хабарласуыңыз керек.

Авиакомпанияға байланысты емес себептерге уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Біз барлық жолаушыларды кестенің алдағы өзгерістері туралы хабардар етеміз.