Астана-Ақтөбе бағыты бойынша IQ399 рейсінің кешігуіне қатысты


12 желтоқсанда Астана-Ақтөбе бағыты бойынша QAZAQ AIR әуекомпаниясының IQ 399 рейсі Астанадағы экстремалды төмен температураға байланысты (метеодеректер бойынша сыртқы ауа температурасы -32 градус болды) кешіктірілді. Ұшу жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-40-қа жоспарланған болатын.
Әуе кемесін Астана – Ақтөбе рейсін орындауға дайындау әуекомпанияның барлық нормативтік талаптары бойынша жүргізілді.
Қозғалтқыштағы майдың тұтқырлығы жоғары болғандықтан, іске қосу турбинасы қажетті қарқын ала алмады, сондықтан қозғалтқыш іске қосылмады. Әуежайдан әуе кемесін жылытуға арналған арнайы жабдық сұралды. Салон жылытылғаннан кейін жолаушылар ұшақтың бортына қонып, әуе кемесін мұздан тазарту жұмыстары жүргізілді. Экипаж сыртқы ауа температурасына байланысты оң нәтиже бермеген борттық қозғалтқыштарды дереу іске қосуға тырысты. Кейін терминалға жолаушыларды жеткізу үшін автобус сұралды. Әрі қарай әуе кемесін жылыту бойынша қосымша жұмыстар жүргізілді.
Мұндай жағдайлардың қайталануын болдырмау мақсатында әуекомпания ішкі тергеу жүргізеді.
Айта кету керек, әуекомпания жерүсті сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін 2 жылытқыш сатып алды. Логистикадағы қиындықтарға байланысты бұл жабдықтарды жеткізу бір апта ішінде күтілуде», – деп хабарлады әуекомпания.
Астана-Ақтөбе рейсінің ұшағы Астана әуежайынан 13 сағат 23 минутта ұшып кетті.