«Астана-Павлодар-Астана»: QAZAQ AIR тұрақты рейстері жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

2 қарашада сағат 16:05-те Павлодар қаласының әуежайына QAZAQ AIR әуекомпаниясының IQ 513 рейсінің ұшағы қонды. «Астана-Павлодар-Астана» жаңа рейсі дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері тұрақты түрде ұшатын болады. Елордадан Павлодарға ұшу уақыты сағат 15:05-те (жергілікті уақыт бойынша). Қайту рейсі Павлодардан 16:35-те ұшып, Астанаға 17:35-те қонады. Рейс ұзақтығы – 1 сағат.

Бір бағыттағы билеттің тұрақты бағасы 10 000 теңге. Қолжүгін тасымалдау нормасы 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Ұшу датасы мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды.

Феликс Иоцкус, QAZAQ AIR әуекомпаниясының жердегі қызмет көрсету бөлімінің басшысы:

– Авиакомпания ересек жолаушының сүйемелдеуімен екі жасқа дейінгі бір балаға тегін ұшу мүмкіндігін ұсынады, ал 14 жасқа дейінгі балалар үшін авиакомпания 50% жеңілдік береді. QAZAQ AIR әуекомпаниясының тасымалдау ережелерімен толығырақ www.flyqazaq.com сайтынан танысуға болады.

QAZAQ AIR әуекомпаниясының баспасөз қызметі атап өткендей, жаңа тұрақты әуе қатынасы елордаға баруды жоспарлап отырғандар үшін ғана емес, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан қалаларына транзиттік жолаушылар үшін де жылдам жүруге тамаша мүмкіндік сыйлайды. Айта кету керек, QAZAQ AIR авиакомпаниясы Омбы, Қазан, Баку сияқты шетелдік қалаларға рейстер жасайды.

Әуе билеттерін авиакомпанияның www.flyqazaq.com ресми сайтынан, www.agent.flyqazaq.com агенттік порталынан және +7 727 356 1414 номері боййынша байланыс орталығының операторлары арқылы алуға болады.