Самарқан – Ұлы Жібек жолының інжу-маржаны, Шығыстың көне мәдениет пен сәулет өнерін сақтаған орталығы.
Енді бұл тарихи қалаға Астанадан тікелей рейспен баруға болады.
Рейстер аптасына екі рет – жұма және жексенбі күндері орындалады:
- Астана → Самарқан: 10:30 – 13:30
- Самарқан → Астана: 14:20 – 17:25
Билеттер flyqazaq.com сайтында және ресми серіктестерде қолжетімді.
Жолаушыларға Астана арқылы Омбы мен Новосібірден Самарқанға қосалқы бағыттар, сондай-ақ ел ішіндегі кең маршруттар желісі ұсынылады.
Самарқанда не көруге болады?
Самарқан – тарихы мен мәдениеті тоғысқан қала, мұндағы әрбір көшенің, әрбір ғимараттың өз тарихы бар.
Регистан алаңы
Қаланың басты нышаны және Шығыстың ең көрікті ескерткіштерінің бірі.
Үш медресе – Ұлықбек, Шердор және Тіллә-Кари – мінсіз симметрияда орналасқан сәулет ансамблі.
Күндіз мозаикалар күн сәулесінде жарқырап, кешке нәзік жарық астында ерекше әсер қалдырады.
Гур-Эмир кесенесі
Ұлы Әмір Темірдің мәңгілік тыныс табар жері.
Күмбезі көк түске боялған, ал ішкі безендірілуі алтын өрнектермен көмкерілген.
Бұл жерде ғасырлар үнсіздігін, тарихтың салмағын сезінуге болады.
Шахи-Зинда кешені
Көк түстің сансыз реңкімен жарқыраған кесенелер тізбегі.
Әрбір мазар – өрнегі мен глазурі ерекше шеберлік туындысы.
Қасиетті орын саналатын бұл кешенге таңғы уақытта барған дұрыс – күн сәулесі өрнектердің көркін аша түседі.
Бибі-Ханым мешіті
XV ғасырда Әмір Темірдің бұйрығымен салынған алып ғимарат, оның жұбайының есімімен аталған.
Биік аркалар, мәрмәр қақпалар және аспан түстес күмбез – Самарқанның сәулеттік мақтанышы.
Сиаб базары
Мешіттен бірнеше минуттық жерде орналасқан.
Самарқандтың ең көне базарларының бірі, мұнда нағыз шығыс дәмі мен атмосферасын сезінуге болады: ыстық тандыр нан, дәмдеуіштер, жаңғақтар, жемістер мен тәттілер.
Базардың шуы мен иісі қаланың жандылығын сезіндіреді.
Самарқанды аралаудың ең ыңғайлы бағыты:
Регистан → Гур-Эмир → Шахи-Зинда → Бибі-Ханым → Сиаб базары.
Барлық нысандар бір-біріне жақын орналасқан және бір күн ішінде аралап шығуға болады.
Ұлықбек обсерваториясы
Қаланың шетінде орналасқан тарихи ғылыми нысан. XV ғасырда ғалымдар мұнда жұлдыздардың қозғалысын жоғары дәлдікпен зерттеген.
Саяхаттың ең қолайлы уақыты қашан?
Көктем мен күз – Самарқанда баруға ең қолайлы маусымдар (+22…+28 °C).
Жазда ауа құрғақ әрі жылы (+35 °C дейін), ал қыста (+5 °C шамасында) қала тыныш әрі ерекше көрініске бөленеді.
Бізбен саяхаттың артықшылықтары
QAZAQ AIR – Қазақстан мен Орталық Азия қалаларын байланыстыратын аймақтық әуе компаниясы.
Заманауи De Havilland Dash 8-Q400 ұшақтарында орындалатын рейстер жолаушыларға қауіпсіздік, жайлылық және уақытылы ұшуды қамтамасыз етеді.
Артықшылықтар:
- Тікелей рейстер, ауысусыз ұшу;
- Қолайлы кесте және тиімді тарифтер;
- Заманауи, үнемді әуе флоты;
- Ішкі және аймақтық бағыттардың кең желісі;
- Қызмет көрсету сапасына жоғары назар.
Самарқан – көк күмбездер мен алтын өрнектердің, тарих пен мәдениеттің қаласы.
Шығыстың рухын сезініп, ежелгі өркениеттің көркіне куә болыңыз.