Маусым айынан бастап QAZAQ AIR (VIETJET QAZAQSTAN) әуе компаниясы Астана мен Талдықорған қалалары арасындағы әуе қатынасын аптасына 4 рейстен 5 рейске дейін ұлғайтады. Қосымша рейстер сейсенбі күндері орындалады. Ұшулар заманауи канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 әуе кемелерімен жүзеге асырылады.
Қосымша рейстердің кестесі (сейсенбі күндері):
- IQ 429 рейсі: Астана – 13:15 → Талдықорған – 15:00
- IQ 430 рейсі: Талдықорған – 15:30 → Астана – 17:10
Жаңа рейстер Талдықорған мен Жкетісу облысы тұрғындары үшін елордаға жетуді барынша ыңғайлы етіп, іскерлік, отбасылық және туристік сапарларға қолайлы мүмкіндік береді.
Бір жаққа билет бағасы 25 000 теңгеден басталады.
14 жасқа дейінгі балалар үшін 50% жеңілдік қарастырылған.
Сонымен қатар, Астана арқылы Талдықорғаннан келесі қалаларға тиімді түйісулер ұсынылады: Қызылорда, Петропавл, Жезқазған, Ақтөбе, Түркістан, Қостанай, Новосібір және Омбы.
Толығырақ ақпаратты www.flyqazaq.com сайтынан немесе қалаңыздағы авиакассалардан біле аласыз.