Маңызды: 1 мамырдан бастап елорда әуежайында шектеулер енгізіледі

2024 жылғы 1 мамырдан 24 желтоқсанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін күрделі жөндеу жүргізуге байланысты Астана қаласының әуеайлағында әуе кемелерінің ұшып-қонуына шектеу қойылады.

Бірқатар келіссөздердің, ауа райы болжамының, әуежайдың әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі жүктемесін зерделей келе, жолаушылар үшін туындайтын қолайсыздықтардың салдарын азайту мақсатында күрделі жөндеуді түнгі уақытта жүргізу туралы шешім қабылданды.

Осы орайда QAZAQ AIR рейстер кестесіне өзгерістер енуі мүмкін. Сондықтан жолаушыларға әуе компанияның жолаушыларды қолдау қызметі мен әуежайдың  анықтамалық қызметтерінен рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады.