Қазақстанда алғаш рет азаматтық авиация қызметкерлері күні атап өтілді

Азаматтық авиация қызметкерлері күніне орай ҚР Көлік министрлігінде ардагерлер мен сала қызметкерлерінің, авиациялық компаниялар мен кәсіпорындардың, сондай-ақ шетелдік серіктес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Министр Марат Қарабаев авиациялық индустрия қызметкерлерін құттықтап, Қазақстанның авиация саласы әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алатынын атап өтті. Ол ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоғары деңгейде екенін, сала көрсеткіштері жыл сайын өсіп, жерүсті инфрақұрылымы жақсарып келе жатқанын айтты.

Іс-шара барысында ол ел авиаторларына ведомстволық наградалар табыс етті. Жоғары жетістіктері мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі үшін QAZAQ AIR ұшуды ұйымдастыру жөніндегі блоктың диспетчері Д.Османов «Құрметті авиатор» медалімен марапатталды. Министрдің Құрмет грамотасымен «QAZAQ AIR» АҚ Басқарма төрағасы Е. Наурызбаев марапатталды.

Сол күні QAZAQ AIR әуекомпаниясының үздік қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Сіздердің еңбектеріңіз уақтылы және қауіпсіз әуе тасымалдауға ғана емес, сондай-ақ бірегей көлік инфрақұрылымын дамытуға және қазақстандық азаматтық авиацияның жетістіктеріне халықаралық қауымдастықтардың назарын аударуға ықпал етеді. Бұл мереке жаңа биіктерді бағыныруға шабыт берсін. Сіздерге амандық, табыс және қызметте жемісті болуларыңызды тілеймін!» – деп атап өтті әуекомпания басшысы Еркін Наурызбаев.

Ол Ұшу бөлімінің әуе кемесінің командирлері Матбаев Шыңғыс пен Быков Романды ҚР Көлік министрінің алғыс хатымен марапаттады.

Авиациялық оқу орталығының директоры Әйгерім Нарбаева мен Коммерциялық директор Сүлейман Мирзаевқа Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталина Радудың алғыс хаттары табыс етілді.

Сонымен қатар, Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2024-2027 жылдарға арналған жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысқаны үшін Қазақстан авиациялық әкімшілігінің Бас директоры Каталина Радудың алғыс хатымен техникалық директордың м.а. Жомарт Урустемов пен стандарттарға сәйкестікті бақылау департаментінің менеджері Фараби Абдугалиев марапатталды.

Басқарма Төрағасының Алғыс хаттарымен: Кеңесов Нұрлан, Башаров Ербол, Әубәкірова Диана, Қостанов Дамир, Жүнісова Әсел, Ғабдуллин Әлия және Тоқабеков Әсет марапатталды.

Азаматтық авиация қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында QAZAQ AIR алғашқы коллекциялық төсбелгілерді шығарды. Жоғары жетістіктері үшін арнайы төсбелгілерге Танос Лазарос, Фоломеев Федор, Атамбаев Қайыркен, Медет Нұргелді, Ілиясов Рүстем, Досымхан Аяш, Өміралиев Әділбек, Әбілмәжінов Ганиден, Мұсатаев Данияр және Брукс Адам Марк ие болды.

Біз әріптестерімізді лайықты марапатпен шын жүректен құттықтаймыз және олардың азаматтық авиациядағы жетістіктерінің жемісті болуын тілейміз!