Қазақстандық әуе компанияны жекешелендіру: Орта Азия өңіріндегі авиатасымалдау саласына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру мақсатында инвестор тарту

IATA деректеріне сәйкес, Азия аймағында әуе тасымалдау сыйымдылығының салыстырмалы түрде баяу өсуімен қатар (+48% 2023 vs 2022) әуе тасымалына сұраныстың қарқынды өсуі байқалады (+63% 2023 vs 2022).

Қазақстанның әуе тасымалдау нарығында жолаушылар ағыны жылдан жылға қарқынды түрде ұлғайып келеді (2022 жылы 11 млн және 2021 жылы 9,4 млн немесе +17%). Мұндай көрсеткіштерге негіз болып отырған келесі факторларды атауға болады: Қазақстанның көпвекторлы және либералды халықаралық саясатты қолдауы нәтижесінде халықаралық әуе тасымалының үлғаюы; Астананың Орталық Азияның қаржы орталығы ретінде белсенді дамуы, сондай-ақ еліміздегі негізгі қалалардың (Қазақстан аумағының көлемі бойынша әлемдегі 9-шы ел) арасындағы зор қашықтықтың негізінде ішкі рейстерге деген сұраныстың артуы мен туризмді дамыту.

2015 жылы іргесі қаланған QAZAQ AIR жаңа әуе компаниясы 2022 жылдың қорытындысы бойынша операциялық пайдаға қол жеткізе отырып, Қазақстан Үкіметі бекіткен жекешелендіру жоспарына сәйкес QAZAQ AIR-ді ағымдағы жылдың соңына дейін жекешелендіру көзделіп отыр.

Қазақстандық әуе тасымалдау нарығын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер қарастыру үшін, QAZAQ AIR әуе компаниясының ұшу географиясын кеңейтуге, флотты ұлғайтуға және инновациялық шешімдерді енгізу мақсатында жеке инвесторды тарту қарастырылып отыр. Жекешелендіруді «Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстандық Ұлттық әл-ауқат қоры атынан авиакомпанияның жалғыз акционері жүргізеді.

QAZAQ AIR тұрақты ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсететін, пайдаланушы сертификаты бар Қазақстанның үш ірі коммерциялық әуе компаниясының бірі болып табылады. Әуе компаниясы IATA ресми мүшесі болып табылады және IOSA халықаралық өндірістік қауіпсіздік стандарты бойынша сертификатталған. Оның әуе кемелеріне желілік қызмет көрсету бойынша сертификатталған станциясы және авиациялық оқу орталығы бар. Шекаралас елдерге халықаралық авиарейстерді қоса алғанда, Астана қаласында базасы бар хабтық маршруттық желіге қызмет көрсетеді. 2021-2022 жылдары әуе компаниясы Skytrax халықаралық рейтінгісі бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік үш өңірлік әуе компанисының қатарына енді.

QAZAQ AIR әуе компаниясының хабы – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы. Ол Skytrax рейтінгісіне сай Орта Азия мен ТМД-дағы үздік өңірлік әуежайы болып танылған.

Активті жекешелендіру «Самұрық-Қазына» АҚ-ның активтерді бәсекелестік ортаға беру жөніндегі қағидаларына сәйкес ашық екі кезеңдік байқау әдісімен жүргізіледі.

Өтінімдер 2023 жылғы 28 қыркүйекке дейін қабылданады.

Сілтемелер бойынша толығырақ ақпарат:

https://www.flyqazaq.com/

https://sk.kz/

https://ipo.sk.kz/

Компания туралы ақпарат

Әуе кемелері паркіDe Havilland Canada Dash-8 Q400 NG – 5, барлығы компания меншігінде
2022 жылғы борт жүктемесі82%
Маршруттық желі22 бағыт (16 ішкі, 6 халықаралық)
2022 жылғы жолаушылар ағыны561 000 жолаушы
2022 жылғы кіріс20,4 млрд. теңге
CAGR кірісі, 2018-202238%
2022 жылғы EBITDA  3,9 млрд. теңге (EBITDA маржа 19%)
Қазақстандағы нарық үлесі 7%