QAZAQ AIR туралы

  • QAZAQ AIR – Қазақстанда және көрші мемлекеттердің шекаралас аумақтарында өңіраралық әуе қатынасының қауіпсіздігі мен қолжетімділігін арттыру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрған өңіраралық әуе компаниясы.
  • QAZAQ AIR 2018 жылдан бастап IOSA халықаралық өндірістік қауіпсіздік стандарттары бойынша сертификатталған.
  • Ол IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының мүшесі.
  • Әуе компаниясының өндірістік-әкімшілік базасы мен хабы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында орналасқан.
  • QAZAQ AIR бизнес-моделі ел өңірлерін ыңғайлы байланыстыруға, сонымен қатар маршруттық желісі оңтайлы құрылған өңіраралық тасымалдаушы принциптеріне негізделген.
  • Компанияның флоты Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі ең жасы (7,5 жыл) болып есептеледі. Флот тек өндірушінің зауытынан тікелей жеткізілетін жаңа әуе кемелерімен толықтырылады.
  • Әуе компаниясының заманауи және ерекше логотипі аймақтық ұшулар желісі тақырыбының негізінде жасалды.

QAZAQ AIR: Дамудың жаңа кезеңі

2024 жылғы 24 желтоқсанда QAZAQ AIR акциялары Қазақстан Республикасының жекешелендіру бағдарламасы аясында бәсекелі ортаға табысталды. Бұл мәміле «Самұрық-Қазына» АҚ пен консорциум (Vietnam Sovico Group құрамына кіретін Central Asia Aviation Holdings Limited және Kazasia Holdings Limited) арасында жасалған келісімдер негізінде жүзеге асырылды.

Мәміле ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына және 2024 жылғы 20 желтоқсандағы Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия мен 2024 жылғы 24 желтоқсандағы Қор Директорлар кеңесінің шешімдеріне толық сәйкес жүргізілді.

Сатылым туралы келісім 2024 жылғы 27 желтоқсанда ҚР Үкіметінің QAZAQ AIR акцияларын бәсекелі ортаға беру туралы № 1130 қаулысы шыққаннан кейін заңды күшіне енді.

Vietjet-пен стратегиялық серіктестік

2025 жылғы 6 мамырда Vietjet және QAZAQ AIR жаңа бірлескен бренд — Vietjet Qazaqstan жобасын іске қосу туралы стратегиялық серіктестік жариялады. Аталған шара  Вьетнамның Бас хатшысы То Лам ресми сапары шеңберінде Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік дөңгелек үстел аясында Астанада өтті.

QAZAQ AIR әуе компаниясы қолжетімді аймақтық әуе көлігімен жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау мақсатында құрылған. Компания қызметі ұшу қауіпсіздігінің жоғары халықаралық және ұлттық стандарттарына сай.

QAZAQ AIR-дың басты миссиясы – Қазақстанның барлық аймақтарын байланыстыру және олардың экономикалық өркендеуіне үлес қосу.

Біздің мақсаттарымыз бен құндылықтарымыз:

Біз ең жоғары әлемдік қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жұмыс істейміз.

Біз заманауи ұшақтарда өңірлік маршруттар бойынша қауіпсіз, жайлы әуе қатынасын қамтамасыз етеміз.

Біз өңірлерді қолжетімді әуе сапарларымен қамтамасыз ету және халықаралық және ұзақ маршруттарды байланыстыру арқылы ел экономикасының дамуына ықпал етеміз.

Экологиялық жауапты авиакомпания ретінде біз атмосфераға түсетін CO₂ шығарындыларына қатысты ең тиімді ұшақтарды қолданамыз.

Біздің қызметкерлерді іріктеу және бағалау процесі компанияның мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін және корпоративтік этика стандарттарына сәйкес келетін құзыреттілікке, іскерлік қасиеттерге және нәтижелерге негізделген.

Біз Компанияның тұрақты өсуі мен табысының кепілі саналатын ұжымымызды үздіксіз оқытуға және дамытуға бар күшімізді саламыз.

Біз QAZAQ AIR қызметкерлері арасында, сондай-ақ серіктестермен жұмыс істеуде адалдық пен ашықтықтың жоғары талаптарын ұстанамыз.

QAZAQ AIR әуе компаниясының флоты Канадада шығарылған заманауи турбовинтті De Havilland Dash-8-Q400NG (бұрынғы атауы Bombardier Q400) ұшақтарынан тұрады. Жоғары сенімділік пен сапа, пайдалану шығындарының үнемділігі, жайлы жарықтандырылған интерьер мен шу деңгейінің төмендігі аталған әуе кемелерінің өзгелерден артықшылығын айқындайды.

Ұшу ұзақтығы 2 063 км
Сыйымдылығы 76-86 орын
Ұшу биіктігі 7 620 м
Максималды жылдамдық 667 км/сағ
Фюзеляждың ұзындығы 32,8 м
Қанаттардың ұзындығы 28,4 м
Биіктігі 8,4 м
Қозғалтқыштар PW150

Шу мен дірілді басу жүйесі

Ұшағымызды ерекшелендіретін сипаттарының бірі – шу мен вибрацияны бәсеңдететін белсеңді жүйесі. Сапар кезінде өзіңізді еркін сезініп, жайлылыққа бөленіңіз.


Qazaq Air маршруттық желісі келесі бағыттарды қамтиды:

  • Астана-Алматы-Астана
  • Астана-Ақтөбе-Астана
  • Астана-Жезқазған-Астана
  • Астана-Қостанай-Астана
  • Астана-Қызылорда-Астана
  • Астана-Талдықорған-Астана
  • Астана – Түркістан – Астана
  • Ақтөбе-Атырау-Ақтөбе
  • Атырау-Орал-Атырау

Субсидияланған рейстер

  • Астана-Петропавл-Астана
  • Астана – Павлодар – Астана
  • Алматы-Көкшетау-Алматы
  • Түркістан – Қарағанды – Түркістан
  • Түркістан-Қостанай-Түркістан
  • Жезқазған – Қарағанды – Жезқазған
  • Жезқазған-Шымкент-Жезқазған

Халықаралық рейстер

  • Түркістан-Самарқанд-Түркістан
  • Астана-Омбы-Астана
  • Астана-Новосибирск-Астана
# # #