2025 жылғы 11 қазан күні QAZAQ AIR әуе компаниясының IQ368 тұрақты рейсінің (Қостанай – Астана бағыты) Қостанай әуежайында (KSN) ұшу сәтінде әуе кемесінде техникалық ақау тіркелді. Осы жағдайға байланысты экипаж ұшуды тоқтату туралы шешім қабылдады.
Кейбір жолаушылар шассидің маңында қысқа мерзімді жарық көрінісін байқағанын хабарлады – бұл дерек әуе кемесіне техникалық тексеру жүргізу барысында ескеріледі.
Әуе кемесі перронға оралды, барлық жолаушылар ұшу терминалына қайтарылды. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
QAZAQ AIR әуе компаниясының техникалық тобы Қостанай әуежайына тексеру мен ақауды жою жұмыстарын жүргізу үшін бағытталды.
Жолаушыларға барлық қажетті қолдау шаралары ұсынылды — қонақүйге орналастыру, билеттердің толық құнын билет сатып алынған жерде қайтару немесе басқа рейстерге айырбастау мүмкіндігі қарастырылған.
Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі – әуе компанияның негізгі басымдығы болып табылады. Барлық шаралар халықаралық ұшу қауіпсіздігі стандарттарына сай жүзеге асырылады.