Наурыз базарлық: QAZAQ AIR әуекомпаниясы барлық бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады

Әз Наурыз мерекесіне орай QAZAQ AIR әуекомпаниясы өз жолаушыларына арнайы ұсыныс туралы хабарлайды. Тек 14-16 (қоса алғанда) наурыз аралығында сіз әуекомпанияның сайтында субсидияланған рейстерден басқа барлық бағыттар бойынша тарифтен 20% жеңілдікпен билеттерді сатып ала аласыз. Саяхат кезеңі: 2024 жылғы 18 наурыздан 30 қазанға дейін (қоса алғанда).

«Биылдан бастап елімізде Наурыз мерекесінің жыл сайынғы жалпыұлттық тұжырымдамасы бекітілді. «Наурызнама» онкүндігі аясында «Наурыз базарлық» жеңілдік маусымы жарияланды. Көктемнің жаңару мейрамын барынша әсерлі мерекелеу бір жылға молшылық, амандық пен табыс әкеледі деп саналады. Ортақ ел, ортақ тағдыр мен бір мақсат біріктірген халықтың әл-ауқаты мен бірлігінен маңызды ештеңе жоқ»,-деп атап өтті әуекомпания Басқарма Басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Жақыпов.

Әуекомпания ұшу географиясын кеңейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп келетінін атап айту керек. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы айда Астанадан Павлодарға ішкі рейс және Ақтөбеден Қазанға халықаралық рейс жаңартылды. Жақын арада келесі туристік бағыттар бойынша маусымдық рейстер іске қосылады: Астана – Үшарал – Астана, Алматы – Үшарал– Алматы және Астана – Үржар – Астана, Алматы – Үржар – Алматы.