Новосібір қаласына рейстер уақытша тоқтатылды

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 26-29 наурыз аралығында Астана – Новосібір, Өскемен – Новосібір бағыттарындағы рейстердің  орындайлмайтыны туралы хабарлайды. Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының халықаралық тұрақты ұшударды орындауға рұқсат беруден бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстердің уақытша тоқтатылды.

Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін info@flyqazaq.com  поштасына жолдау қажет. Егер билет агенттікте сатып алынған болса, сол агенттікке хабарласуыңыз керек.

Авиакомпания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Біз барлық жолаушыларды кестенің алдағы өзгерістері туралы хабардар етеміз.