Нұр-Сұлтан – Екатеринбург жаңа рейсі ашылады

QAZAQ AIR 27 желтоқсанынан бастап Нұр-Сұлтан – Екатеринбург – Нұр-Сұлтан жаңа рейсін ашылады.

Нұр-Сұлтан – Екатеринбург аптасына 2 рет (дүйсенбі және бейсенбі). Билет құны 49 438 теңгеден басталады. Бір жолаушыға 5 кг қол жүгі және 23 кг багаж кіреді. Билеттер қазір сатылуда.

Дүйсенбі күнгі кесте (жергілікті уақыт)

Нұр-Сұлтан (19:00) – Екатеринбург (20:00)

Екатеринбург (21:00) – Нұр-Сұлтан (00:00)

Бейсенбі күнгі кесте (жергілікті уақыт)

Нұр-Сұлтан (07:05) – Екатеринбург (08:25)

Екатеринбург (09:25) – Нұр-Сұлтан (12:30)

Билеттеріңізді www.flyqazaq.com сайтында брондаңыз және бізбен бірге саяхаттаңыз!

Халықаралық рейстерді тіркеу ұшудан 3 сағат бұрын ашылады. ПТР нәтижелерін алғашқы тексеруді (теріс нәтиже мен сертификаттың қолданылу мерзімі) қызметкерлер тіркеу үстелінде жүргізеді. Шарттарға сәйкес сертификат болмаған жағдайда, ПТР тестінің теріс нәтижесі болған жағдайда, авиакомпания жолаушыны тасымалдаудан бас тартуға құқылы.

Сондай-ақ, әрбір жолаушыға «Путешествуй без COVID-19» мобильді қосымшасын алдын ала орнатып, қолда бар зертханаларды тексеру қажет. Қолданба iOS және Android үшін қол жетімді.

Қазақстанға келген барлық авиажолаушылар нәтиже берілген күннен бастап Қазақстанмен шекараны кесіп өткен сәтте 72 сағаттан аспайтын уақытта COVID-19-ға ПТР-тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті. 5 жасқа дейінгі балаларға анықтама қажет емес, бірақ ол олармен бірге жүретін адамдарда болуы керек.

Қазақстанда COVID-19-қа қарсы вакцинацияның толық курсын алған және оның құжаттық дәлелдемелерін ұсынған кезде, ПТР тестілеуден босатылады.