Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының (Астана қ.) уақытша жабылуы туралы

«QAZAQ AIR» АҚ (Vietjet Qazaqstan) жолаушыларды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының (Астана қ.) ұшуларға уақытша жабылатыны туралы хабардар етеді. Бұл шектеулер әуежайда техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты енгізілуде.

Әуежайдың уақытша жабылу кезеңдері (күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін):

  • 2025 жылғы 1–4 қыркүйек аралығы (қоса алғанда);
  • 2025 жылғы 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін.

Әуекомпания алдын ала рейстер кестесіне өзгерістер енгізді. Жаңартылған кесте flyqazaq.com сайтында және серіктес агенттіктерде қолжетімді. Өзгерістер әсер еткен барлық жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы қосымша хабарлама жіберілді.

Жолаушыларға аталған кезеңде Астанаға немесе Астанадан сапар жоспарлаған кезде рейс уақытын мұқият тексеруді және QAZAQ AIR-дің ресми ақпараттық арналарынан жаңалықтарды қадағалауды ұсынамыз.

Әуекомпания уақытша шектеу кезеңінде жолаушыларға барынша қолайлы және дер кезінде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін әуежай қызметтерімен тығыз ынтымақтастықта жұмысын жалғастыруда.

О временном закрытии аэропорта Нурсултан Назарбаев (г. Астана)

АО «QAZAQ AIR» (Vietjet Qazaqstan) информирует пассажиров о временном закрытии Международного аэропорта Нурсултан Назарбаев (г. Астана) для полётов в связи с проведением технических работ.

Согласно уведомлению аэропорта, ограничения будут действовать с 10:00 до 18:00:

  • с 1 по 4 сентября 2025 года включительно;
  • с 8 сентября по 31 октября 2025 года.

Авиакомпания заранее внесла изменения в расписание полётов. Обновлённое расписание доступно на сайте flyqazaq.com, а также в агентствах-партнёрах. Все пассажиры, чьи перелёты затронуты изменениями, дополнительно уведомлены посредством контактных данных, указанные при бронировании.

Мы рекомендуем пассажирам при планировании поездок в Астану или из Астаны в указанный период внимательно проверять время вылета и следить за актуальной информацией на официальных ресурсах QAZAQ AIR.

Авиакомпания продолжает тесное взаимодействие с аэропортовыми службами для обеспечения максимально комфортного и своевременного обслуживания пассажиров в период временных ограничений.

# # #