QAZAQ AIR: 12 қаңтардан бастап Жезқазғаннан Өскеменге әуе рейстері орындалады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 12 қаңтардан бастап Жезқазғаннан Өскеменге тікелей әуе қатынасын іске қосады. Ұшулар сәрсенбі және жұма күндері аптасына 2 рет жиілікпен орындалады:

IQ 501 Жезқазған (11:30) – Өскемен (13:20)

IQ 502 Өскемен (13:50) – Жезқазған (15:50)

Жезқазған-Өскемен-Жезқазған бағыты бойынша ұшулар жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде Орындалатын болады.

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 15 000 теңгені құрайды.

14 жасқа дейінгі балаларға компания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады. Қолжүгін тасымалдау нормасы 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Ұшу датасы мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды.

Билеттерді қазірден бастап flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.