QAZAQ AIR 14 қаңтардан бастап Қостанайдан Түркістанға әуе қатынасын ашады

Әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамытуды ынталандыру мақсатында QAZAQ AIR әуекомпаниясы 14 қаңтардан бастап Қостанай-Түркістан-Қостанай бағыты бойынша әуе рейстерін іске қосады. Ұшулар сейсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рет келесі кесте бойынша орындалады:

IQ 361 Қостанай (14:10) – Түркістан (16:30)

IQ 362 Түркістан (17:10) – Қостанай (19:30)

Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 27 000 теңгені құрайды.

14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Қол жүгін тасымалдау нормасы 5 кг, багаж 20 кг. ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару тегін.

QAZAQ AIR инфрақұрылымы төмен әуежайларға ұшу мақсатында аймақаралық маршруттарда de Havilland Canada Dash-8 Q400 үлгісіндегі канадалық ұшақтарын қолданады. Әуекомпания ұшу географиясын кеңейту мақсатында бір үлгідегі флотты ұлғайтуды және  әуеапаркіне реактивті флотты қосу мүмкіндігін қарастыруда.