QAZAQ AIR 15 қаңтардан бастап Астанадан Новосібірге әуе қатынасын жаңартады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап Астана -Новосібір маршруты бойынша әуе рейстерінің жаңартылғаны туралы хабарлайды. Рейстер канадалық de-Havilland Dash 8-Q400 жаңа генерацияланған әуе кемесінде аптасына 2 рет дүйсенбі және жұма күндері келесі кесте бойынша орындалады (жергілікті уақыт бойынша):

IQ 5005 Астана 20:40 – Новосібір 23:30

IQ 5006 Новосібір 00: 30 – Астана 01: 20

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын жаңарту – екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Билеттерді бүгіннен бастап әуекомпанияның www.flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.

Әуе билеттерін сатып алу кезінде www.flyqazaq.com сіз борттағы орынды алдын ала брондауға, багаждың немесе қол жүгінің көлемін арттыруға, борттық тағамға тапсырыс беруге, үй жануарлары мен спорттық жабдықтарды тасымалдауға тапсырыс бере аласыз.