QAZAQ AIR 2025 жылдың 9 айының қорытындысын шығарды: уақытылы ұшу көрсеткіші 87%-дан асты

«QAZAQ AIR» әуе компаниясы 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларындағы операциялық қызметінің нәтижелерін жариялады. Компания уақытылы ұшу деңгейін (On-Time Performance, OTP) тұрақты жоғары деңгейде сақтап келеді:

Қаңтар – қыркүйек 2025 жыл: 87% рейс уақытылы орындалды.

•        Маусым 2025 жыл: 84,84%

•        Шілде 2025 жыл: 88,29%

•        Тамыз 2025 жыл: 87,94%

•        Қыркүйек 2025 жыл: 87,53%

Осылайша, 9 айда QAZAQ AIR-дың уақытылы ұшу көрсеткіші 87%-дан асып, компанияны жетекші халықаралық әуетасымалдаушылар қатарында көрсетті.

Салыстырмалы түрде айтқанда, OAG және Cirium салалық есептеріне сәйкес, еуропалық және азиялық лоукостерлердің орташа OTP көрсеткіші 80–85% шамасында.

«Біз үшін уақытылы ұшу — жай ғана операциялық көрсеткіш емес, жолаушылар сенімі. Компания барлық процестердің тиімділігін жүйелі түрде арттырып келеді: жерүсті қызметін оңтайландыру, цифрлық шешімдерді енгізу және әуежайлармен әріптестікті дамыту бағытында жұмыс істейміз. Осы шаралардың арқасында уақытылы ұшу деңгейін 87%-дан жоғары ұстай алдық — бұл Орталық Азиядағы ең жоғары нәтижелердің бірі», — деді «QAZAQ AIR» АҚ Басқарма төрағасы Адилбек Умралиев.

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша әуекомпания негізгі бизнес-көрсеткіштер бойынша да өсімге қол жеткізді: жолаушылар ағыны 13%-ға артты, ал орын толымдылығы 89%-ға жетті. Бұл флоттың тиімді пайдаланылуын және QAZAQ AIR рейстеріне деген тұрақты сұранысты айғақтайды.

Бүгінде QAZAQ AIR ішкі және халықаралық бағыттарда, соның ішінде субсидияланатын және әлеуметтік маңызы бар рейстерді орындайды. Компания құрылған сәттен бері 4 миллионнан астам жолаушыны тасымалдап, 66 мыңнан астам рейс орындады.

QAZAQ AIR Орталық Азиядағы бағыттар желісін кеңейтіп, Қазақстанның авиациялық бренді ретінде өз позициясын нығайтып келеді.

SKYTRAX нұсқасы бойынша QAZAQ AIR 2022–2025 жылдары Орталық Азия мен ТМД-ның үздік аймақтық әуе компанияларының бірі деп танылды.

# # #