«QAZAQ AIR» АҚ күзгі-қысқы кестенің ашылуы туралы хабарлайды.

2022 жылғы 30 қазаннан бастап 2023 жылғы 25 наурызға дейін қолданылатын күзгі-қысқы кесте бойынша тұрақты және халықаралық рейстерге билеттер сатылымы ашылғанын қуана хабарлаймыз.
QAZAQ AIR барлық авиарейстері De Havilland Canada Dash-8 Q400 Next Gen заманауи әуе кемелерінде, 86 жолаушы креслосына дейінгі сыйымдылықпен орындалады.
Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, әуекомпанияның байланыс орталығы арқылы, сондай-ақ сату кеңселерінде сатып алуға болады.