QAZAQ AIR Ақтөбе – Баку – Ақтөбе және Нұр-Сұлтан – Баку – Нұр-Сұлтан (транзит Ақтөбе арқылы) жаңа бағытының ашылғаны туралы хабарлайды

7 шілдеден бастап QAZAQ AIR Ақтөбе – Баку – Ақтөбе және Нұр-Сұлтан – Баку – Нұр-Сұлтан (транзитАқтөбе арқылы) жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстер ашады.

Ұшулар сыйымдылығы 86 жолаушы орнына дейінгі канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 жаңа генерациялы әуе кемесінде орындалатын болады. Ұшу уақыты 2 сағатты құрайды. Ұшулар аптасына 2 рет орындалады (бейсенбі және жексенбі күндері)

«Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы жаңа әуе қатынасы экономикалық ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, екі ел арасындағы туризмнің дамуына ықпал етеді», – деп атап өтті QAZAQ AIR комерциялық директоры Сулейман Мирзаев.

Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ Әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.

Бір бағыттағы билеттің құны 57000 теңгеден басталады.

Ақтөбе-Баку-Ақтөбе бағытындағы ұшу кестесі:

Бейсенбі күндері IQ 519 Ақтөбе 09:40 – Баку 10:40 IQ 520 Баку 11:30 – Ақтөбе 14:30

Жексенбі күндері IQ 519 Ақтөбе 14:00 – Баку 15:00 IQ 520 Баку 15:50 – Ақтөбе 18:50

Нұр-Сұлтан-Баку-Нұр-Сұлтан ұшу кестесі:

Бейсенбі күндері

 IQ 399 / 519 Нұр-сұлтан 07:50 – Ақтөбе 08:50 / 09:40 – Баку 10:40 IQ 520 / 400 Баку 11:30 – Ақтөбе 14:30 / 15:20 – Нұр-Сұлтан 18:10

(Ақтөбеде түйісу уақыты 50 минут)

Жексенбі күндері

IQ 385 / 519 Нұр-Сұлтан 12:10 – Ақтөбе 13:10 / 14:00 – Баку 15:00 IQ 520 / 386 Баку 15:50 – Ақтөбе 18:50 / 19:40-Нұр-Сұлтан 22:30

(Ақтөбеде түйісу уақыты 50 минут)