QAZAQ AIR Астана әуежайының жұмысындағы шектеулер туралы еске салады

QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2024 жылдың 1 мамыры мен 24 желтоқсаны аралығында жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Астана әуежайы ұшақтарды қабылдау және шығару үшін жабылатынын еске салады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар әуежай көрсететін қызмет сапасына кері әсерін тигізбейді. Ірі жобаны жүзеге асыру бірінші кезекте ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әуе кемелерінің барлық түрлеріне шектеусіз қызмет көрсету үшін аэродром төсемдерінің сапасын жақсартуға бағытталған.

Аталған шараға байланысты QAZAQ AIR рейстер кестесіне өзгерістер енгізілу мүмкін. Сол себепті жолаушыларға рейс уақытын жайлы ақпаратты әуекомпанияның +7 727 356 14 14 байланыс орталығынан және әуежай қызметтерінен нақтылауды сұраймыз.