QAZAQ AIR: Астана қаласының әуежайынан ұшатын жолаушыларға арналған ақпарат

Астана қаласының әуежайында авиациялық қауіпсіздіктің қосымша шараларының енгізілуіне байланысты QAZAQ AIR әуекомпаниясы жолаушыларға келесі ақпаратты хабарлайды.Астана қаласының әуежайынан ұшатын жолаушыларға рейске кешігіп қалмас үшін әуежайға алдын ала келу ұсынылады.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 мамырдан 24 желтоқсанға дейін сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі кезеңде Астана қаласының әуеайлағы әуе кемелерін қабылдау және жөнелту үшін жабық болатынын атап өту маңызды. Бұл уақытша шектеулер ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әуе кемелерінің барлық түрлерін шектеусіз қабылдау үшін әуеайлақ жабындарының сапасын жақсарту мақсатында енгізіледі.

QAZAQ AIR аталған уақытша өзгерістерге байланысты туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және барлық жолаушыларды белгіленген қауіпсіздік шаралары мен әуежай ережелерін сақтауға шақырады.

Сондай-ақ, жолаушылар қосымша ақпарат алу немесе рейстің мәртебесін нақтылау үшін әуекомпанияның байланыс орталығына +7 727 356 14 14 нөмірі бойынша немесе әуежай қызметіне хабарласа алады.