QAZAQ AIR Астана – Қызылорда – Астана бағыты бойынша тұрақты рейстерді қайта ашады

12 қарашадан бастап QAZAQ AIR Астана– Қызылорда – Астана бағыты бойынша тұрақты рейстерді қайта ашады.

Ұшулар канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 жаңа генерациялы әуе кемесінде аптасына 3 рет орындалады (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері).

Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.

Астана– Қызылорда – Астана бағытындағы ұшу кестесі (жергілікті уақытпен):

IQ 425 Астана 12:45 – Қызылорда 13:30

IQ 426 Қызылорда 14:20 – Астана 17:10.