QAZAQ AIR Астанадан Павлодарға әуе қатынасын жаңартады

2024 жылғы 31 наурыздан бастап Астана-Павлодар-Астана бағыты бойынша рейстерді қайта бастайды. Рейстер QAZAQ AIR канадалық de Havilland Dash 8 – Q400 заманауи, жайлы әуе кемелерінде келесі кесте бойынша аптасына 4 рет орындалатын болады:

Сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері:

IQ 371 Астана 13: 25 -Павлодар 14: 25

IQ 372 Павлодар 14: 55 – Астана 16: 05

Жексенбі күндері:

IQ 371 Астана 18: 50 – Павлодар 19: 50

IQ 372 Павлодар 20: 20  – Астана 21: 20

Бір жаққа билет құны 13 000 теңгеден басталады, ұшу ұзақтығы – 1 сағат.

Билеттерді www.flyqazaq.com сайтынан және өз қалаңыздың әуе кассаларында брондауға және сатып алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR Ақтөбеден Қазанға рейстерді 2024 жылғы 1 сәуірден қайта бастайды.